A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Әсем Молжігітова Кемелханқызы

Дата: 25.02.2020
Просмотры: 32 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіз әкім мырза! Мен 2018 жылы Іргелі округі Көксай ауылынан балабақша саны аз болғандықтан жекеменшік балабақша ашқан болатынмын. Қазіргі уақытта балабақша толық жұмыс жасап жатыр. Менің қояйын деген сұрағым мемлекет тарапынан болатын Балапан бағдарламасының өтуге биылғы жылдан бастап қаржы тоқтатылды деп жатыр,оның себебі Қарасай ауданында балабақша саны өте көптігінен дейді.Ал қамтылмаған балалар қайда барады, себебі мен сияқты отырған жекеменшікте өздерінің шығындарынан бастарын ала алмай отыр, балабақшаны жабамын деп ата аналарға айтсақ келіп жүрген ата аналар басқа жаққа баруға қиналады, ол балабақшаларда орын жоқ деп, бізде кәсіпкерлерде өкіметтің қолдауынсыз қиналып жатқан жағдайымыз бар. Осы мәселені қалай дұрыс шешімі болады екен? Балапан бағдарламасы болады ма? жоқ әлде өзге бағдарлама келеді ме? Балабақшам жабылса келіп отырған балалар қайда барады?

Ответ: Сәлеметсізе, ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Іргелі округында 14 жекеменшік балабақша жұмыс жасайды, ондағы бала саны-701.
2019 жылдың қадамдық жоспар негізінде Алматы облысы білім басқармасына жекеменшік балабақша ашуға 1200 орынға бюджеттік өтінім берілді. Алайда облыстық маслихат сессиясының отырысында бюджеттік өтілім қарастырылмады.Сол себептермен мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшалар ашуға мүмкіндік болмады.
2020 жылға облысқа қадамдық жоспар тапсырылып, 1440 орынға балабақша ашу жоспарлануда.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Сіз шағым бойынша қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.