A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Сауханов Олжас Болсынулы

Дата: 22.05.2017
Просмотры: 169 Печать страницы
Вопрос: Мен Сауханов Олжас Болсынулы 1994 жылы 13 сәуірде дүнеге келгем. Мекен жайым. Жаңа Шамалған ауылы Тегістік көшесі №45 үй. Менің сізге қоян деген сүрағым: Мен жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. Страховая компаниялардың агенттік қызметін атқарып өз табысымды көріп отырмын.осы бизнеспен айналысып жатқаныма шамамен 2 жыл шамасында болды. Осыдан 1 жыл бүрын жол бойына бутикімді қоюға тыйым салынған болатын. Әрине мен түсінемін бұл қаланың сәнімен көрінісіне және кез келген жерге өз бутіктерін қойып жеке істерімен айналысуға болмайтынын. Осы жақында мамыр айының 10 шы жүлдызыннан бастап Қаскелең қаласындағы иммигранттарға қызмет көрсету орталығына қарама қарсы автожолды кесіп өтушілер алдынан жеке ағаштан жасалған кәсіпкерлік бутікті көрдім. Ол бутік үй шекарасынан шығып тұр. Бұл бутіктің салық басқармасында және әкімшілік тарапынан жеке бизнесімен айналысу үшін берілген құжаттары бар ма ? Бұл бутікті тексеріп қадағалауларыңызды сұраймын және жол жиегінен осыдан 1 жыл бүрын маған бұйырылған заңдармен алып тастауыңызды сұраймын.

Ответ: Сәлеметсіз бе?! Сіздің Қарасай ауданыны әкімінің жеке блогына жазған өтінішіңізге сәйкес белгіленген орынға шығып, келесіні хабарлайды.
Тексеру барысында, Қаскелең қаласы Наурызбай көшесі №92 үйдің ауласында жартылай көшеге шығып тұрған медициналық сақтандыру қызметін көрсететін дүңгіршектің орналасқаны анықталды. Аталған мекен – жайдағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін мемлекеттік актіде (кадастрлік нөмірі 03-056-007-141) жер учаскесінің мақсатты нысаны – «өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін» деп көрсетілген, яғни аталған жер телімі кәсіпкерлік нысандарға арналмаған.
Кәсіпкерлік дүңгіршек Қарасай ауданының кірістер басқармасында тіркелген, жалға алушы Толықбаев Азамат Халыкович. Сонымен қатар, аталған дүңгіршекке құқық беретін құжаттары бар және кәсіпкерлік жүргізу үшін қолдануға берілгені анықталды.
Қазіргі уақытта «Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Сіздің өтінішіңіз негізінде 12.06.2017 жылғы №197 «Нақты мәселелер бойынша тақырыптық тексеру» жүргізілетіні туралы Қарасай аудандық Прокуратурасына тіркеуге алуға хабарлама берілді.
Ал жер телімін мақсаттық бағытына сәйкес емес пайдалану жағдайларын қадағалау, ҚР «Жер Кодексінің» 147 бабының 2-1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес қала және ауылдық округ әкімдерінің құзырында.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына және 14 бабының 6) тармағына сәйкес, өтініш берушінің тиісті жоғарғы органдарға лауазымды тұлғалардың өтініш бойынша қабылдаған іс әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне шағым беру құқығының бар екенін ескертеміз.