A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Тлеуберды Акмарал Асылбеккызы

Дата: 19.12.2019
Просмотры: 76 Печать страницы
Вопрос: Салеметсиздерме. Сиздерге бурында жазып едим мугедек баламен патер маселесин шешип бериниздерши.

Ответ: Сәлеметсіз бе! Сізмемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есебіне тіркелмегеңізді хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 және 68 баптарына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үй кезегіне төменгі категория бойынша:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар;
12) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы тұраласыз.
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы азаматтар екінші деңгейдегі банктерде жинақтары болған кезде ғана баспана алады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы ««7-20-25» Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы»№ 107 қаулысына сәйкес, Екінші денгейдегі Банктер, ішкі талаптар мен құжаттарды ескере отырып, салымшыларының ішінен берген өтініштердің негізінде дербес пулдарды қалыптастырады.
Осы бағдарламанының операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ болып табылады.
Жоғарыда баяндалған негізінде, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органымен (ЖАО) кезек жүргізілмейді.
Аталған бағдарлама бойынша қатысу үшін жеке тұлға екінші денгейдегі Банктерге өтініш ұсына алады.
Бағдарлама бойынша банктер беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының өлшемдері және Оператор сатып алатын талап ету құқықтары мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс.
Бағдарлама «7-20-25»
Нысаналы мақсаты Бастапқы тұрғын үй сатып алу
Сыйақының жылдық номиналдық мөлшерлемесі 7%
Бастапқы жарна Кепілмен қамтамасыз ету құнының 20%-ы
Ипотекалық тұрғын үй қарызының мерзімі 25 жылға дейін
Ипотекалықтұрғынүйқарызының валютасы Теңге
Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін –
25 млн теңге
басқа өңірлер үшін – 15 млн теңге
Қарыздың ең көп сомасы Белгіленбейді
Кепілмен қамтамасыз ету Сатып алынатын жылжымайтын тұрғын үй
Кепілмен қамтамасыз ету құны Мыналардың:
1) тәуелсіз бағалаушы айқындаған құнның;
2 банк айқындаған құнның;
3) тұрғын үйді сатып алу жөніндегі мәміле бағасының ең аз мөлшері бойынша айқындалады.
Қарыз бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссиялар Ұсталмайды
Кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыру Міндетті болып табылмайды. Қажет болған кезде банк кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыруды өз есебінен жүзеге асырады.
Жалғыз тұрғын үй өлшемшарттары Белгіленбейді
Аталған бағдарлама бойынша қатысу үшін жеке тұлға екінші денгейдегі Банктерге өтініш ұсына алады.
Үміткердің атында кредит және жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелер мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйді қоспағанда, тұрғын үй болмау керек.
Екінші деңгейдегі банктердің тізімі:
- «Халық Банк» АҚ;
- «БанкЦентрКредит» АҚ;
- «АТФ Банк» АҚ;
- «ЦеснаБанк» АҚ;
- Сбербанк
- «ForteBank»АҚ.
Және де,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылы 22 маусымдағы "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы» № 372 қаулысының 5.5. бөлімінің 4-тармақтың 3-тармақшасына сәйкес, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ(әрі қарай – ҚТҚЖБ) шотында бастапқы жарна болған жағдайда, ҚТҚЖБ 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша:
- алдын ала тұрғын үй қарыздары бойынша қарыз сомасының 10 %-ынан кем емес мөлшерде;
-аралық тұрғын үй қарыздары бойынша "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында анықталған мөлшерде алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын береді.
Бағдарламаға:
-көп балалы отбасы;
-толық емес отбасы;
-мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.
Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) ағымдағы қаржы жылына отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген 1 (бір) ең төменгі айлық жалақы көрсеткішінен аспайтын, соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (балалы бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген ЖАО-ның растауы.
Қажетті құжаттардың тізбесі ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады.
Кредит беру талаптары:
- қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы (оның ішінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін) және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды, өзге өңірлерде – 10 млн. теңгеден аспайды.
Жоғарыда баяндалған негізінде, аталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, тұрғын үйге (пәтерге) ие болуға мүмкіндігіңіз бар.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 30 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 14-бабы, 6-тармағына сәйкес, лауазымды тұлғалардың өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғыра тұрған органдарға шағым жасауға құқығыңыз бар.