A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Муптуллаева Гулсанем Ережеповна

Дата: 17.12.2019
Просмотры: 123 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіз бе ?аким мырза мен кайда барарымды кимнен көмек сурарымды билми отырмын.мениң 3 балам бар .үлкен 4сыныпта окыйды ортаншы улым 5 жаста кишиси 2 жарым жаста .жолдасым жумыссыз казирги таңда .себеби балдарға карайтын адам жоқ мен барахолкада жалдамалы жумыс жасаймын мамандығым тигинши .ендиги сизге айтар арызым ,мен жаңашамалған колащы ауылынан .жер телимин болип төлеуге алдым 2018жыл ноябрьде .бастапкыда 100мың теңге бердим . шаңырақ агенттігінен алғанмын .себеби мен пәтер жалдап турудан әбден шаршадым .3 баламен 1 болмели пәтерге әрең сыйып отырдык .сол себепті ,алған жер телимге ,мен үй салдым несие алып.карыз акша алып туыстарымнан .жолдасым несиесин төлей алмай калды. себеби жумыссыз .менин басымда несием бар айына 120мың төлеймин.енди үйге кирдик 2 бөлмели шағын үй .менин маселем енди жердин йеси 100мынды кайтарып беремин, жеримди кайтып аламын деп конырау шалды, шанырак агенстванын бухгалтер кызга .менин акшамды берсин депти жердиң йеси . биз 1млн теңгеге келискенбиз. енди 900мын толеуим керек .кайдан табамын ондай акшаны ?менин жеримди тартып алса далада каламынба ?_деп коркып отырмын.банкке барсам несие бермиди ,пенсионкаң жок деп .рефенансирование жасай алмай отырмын себеби официальный жумыста жокпын.енди кандай жолы бар алдымыз кыс ,озиниз билесиз 3 баланың кйими тамағы менин мойнымда .көмир керек .өткенде жаңашамалған акими Алпамыс мырзаға бардым ,жәрдем сорап 1 тонна көмир берди рахмет .свет маселеси шешилди ,үйлерге свет тартады столбалар келди ,кабель тартып койыпты .сол светке беретин акшам жок .енди пасобия берилмиди деп жатыр 3 балаға.укиметтен ешкандай жәрдем акы алмадым .турмыс жағдайымды корип кетти акимат .палаткада ноябрьдин 20шейн отырдық кейн үйге кирдик .ишки жүмыстары битпеген шала битип түр . Еш кандай шара болмағандықтан сизден көмек сурап отырмын .маған узак меризимге несие берсе кайта каржыландырып жеримнин калган акшасын толеп гос акт колыма алар едим .балдарым далада калмас еди .сол себепті мени назардан тыс калдырмассыз деп отиниш жолдап отырмын .жауабын асыға кутемин алдын ала рахмет .жумыста саттилик тилеймин.

Ответ: Сәлеметсіз бе Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 заңының 1-бабының 4 тармағына сәйкес, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген, кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем; (Алматы облысы бойынша 2019 жылдың кедейлік шегі 20789 теңге).
Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару туралы 6-бабы бойынша:
1.Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын айқындау, атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде, ұсынылған өтініштің және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі. Жиынтық табысты есептеу қағидаларын орталық атқарушы орган бекітеді. 2.Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты, отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
Сіздің отбасыңыздың құрамы 5 адамнан тұрады. Отбасыңыздың жан басына шаққандағы табысыңыз (арнайы еңбек ақыңыздың 1-тоқсандағы барлық жиынтық табысы – 656 460) отбасыңыздың 1 – тоқсандағы барлық жиынтық табысы – 656 460: 3 айға : 5 адамға = 43 764 теңгені құрады, арнайы еңбек ақыңыздың 2-тоқсандағы барлық жиынтық табысы – 702 270) отбасыңыздың 2 – тоқсандағы барлық жиынтық табысы – 702 270: 3 айға : 5 адамға = 46 818 теңгені құрады).
Осыған орай, отбасыңыздың жиынтық табысыңыз облыс бойынша белгіленген кедейлік шегінен 20789 теңге көлемінде асып кетуіне байланысты, жоғарыда аталған әлеуметтік көмекті тағайындауға мүмкіндік жоқ екендігі анықталды.