A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Туматаева Зауре Сагымхановна

Дата: 22.10.2019
Просмотры: 89 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіз бе әкім мырза. Мен осы мәтіндегі хатты сіздің сайтқа екінші рет жіберіп отырмын.Сіздің басқарып отырған аудандағы Райымбек елді мекенінде орналасқан бейітке қашан қоршау саласыздар? Тірілер ентелеп бейітке кіріп барады, сескену де жоқ қорқу да жоқ. Ал жер сатушыларда ар да ұят та жоқ тақалып тұрса да сатып жатыр. Қаланын қасында тұрған ауыл тұрмақ алыс мекендерде де бейітке қоршау салынған,тез арада қоршау салынуын сізден сұраймын. Шамаңыз келмесе жоғары жақтарға жазуға тура келеді. Эл. почта жоғарда көрсетілген, қайта мазаламас үшін жауап күтем.

Ответ: Сәлеметсіз бе!!! Қарасай ауданының әкімдігі аудан әкімінің жеке блогына жолдаған сұраныс хаты бойынша төмендегідей хабарлайды.
Қазіргі таңда аудан бойынша орналасқан елді мекендерде зираттардың құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық сәулет бөлімімен бірлесіп зираттардың шекаралары анықталады және жер телімінің жобасы әзірленіп мемлекеттік жер актісі жасалынады.
Жоғарыда аталған жұмыстарды, барлық құжаттар рәсімделгеннен кейін Райымбек ауылдық округі әкімдігі қоршау жұмыстарын жүргізеді.