A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Туматаева Зауре Сагымхановна

Дата: 07.10.2019
Просмотры: 124 Печать страницы
Вопрос: Құрметті аудан әкімі, менің сізге қоятын сұрағым, өтінішім: Райымбек ауылындағы бейітке қашан қоршау жасайсыздар? Ол жер ауылдың шетінде болғандықтан осы соңғы 3 жыл көлемінде үй салушылар ентелеп қорымды жағалап үй салып жатыр. Қысқасын айтқанда ұят та, сескену де жоқ болып кеткен екен. Бейіттің биік дуалмен қоршалуын ұйымдастырсаңыз дұрыс болар еді. Өткендердің тыныштығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ.

Ответ: Сәлеметсіз бе! «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 58 бабына сәйкес, өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы объектілерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі халыққа қатер төндіруі және (немесе) қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін болған жағдайда, тиісті санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс. Санитариялық-қорғаныш аймағының мақсатына қарай оның параметрлері және оған қойылатын талаптар көрсетілген объектілердің жұмыс істеуінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламенттермен, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және жануарлар дүниесі, қоршаған ортаны қорғау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік нормативтермен белгіленеді. Санитариялық-қорғаныш аймағын күтiп ұстау жөніндегi мiндеттер ол арналған объектiлердiң меншiк иелерiне жүктеледi.
Сонымен бірге, өтініште көрсетілген, Райымбек ауылындағы бейітке байланысты, аталған мақсаттағы жер телімі, жергілікті атқарушы органдардың меншігіне жатпайтындығын хабарлайды.
Аталған сұрақ бойынша көрсетілген жер телімінің меншік иесіне жүгінуіңізді сұрайды.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына және 14 бабының 6) тармағына сәйкес, өтініш берушінің тиісті жоғарғы органдарға лауазымды тұлғалардың өтініш бойынша қабылдаған іс әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне шағым беру құқығының бар екенін ескертеміз.