A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Уранбекова ЛАУРА ЖЕНИСОВНА

Дата: 19.05.2019
Просмотры: 32 Печать страницы
Вопрос: Салеметсизбе.Мен Каскелен каласынын тургынымын.Менин уш балам бар,еки улым инвалид.Осы уакытка деин 4рет операцияга барып келдик,алда алиде 4-5операциямыз бар. Басымызда уй жок,сол себепти уйге кезекке турдык.Енди сурак елбасынын тапсырмасы бойынша БАКЫТТЫ ОТБАСЫ багдарламасымен уй алып жатыр,сол Республикалык тури жакында болады дейди,сол кашан болады?Биз катыса аламызба?

Ответ: Саламатсызба, Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есебіне2019 жылдың 26сәуір айында «Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары» санаты бойынша «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары» ретінде №1472-ші кезегімен тіркелгеніңізді хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы» № 372 қаулысының 5.5. бөлімінің 4-тармақтың 3-тармақшасына сәйкес, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ(әрі қарай – ҚТҚЖБ) шотында бастапқы жарна болған жағдайда, ҚТҚЖБ 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша:
алдын ала тұрғын үй қарыздары бойынша қарыз сомасының 10 %-ынан кем емес мөлшерде;
аралық тұрғын үй қарыздары бойынша "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында анықталған мөлшерде алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын береді.
Бағдарламаға:
көп балалы отбасы;
толық емес отбасы;
мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.
Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) ағымдағы қаржы жылына отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген 1 (бір) ең төменгі айлық жалақы көрсеткішінен аспайтын, соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (балалы бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген ЖАО-ның растауы.
Қажетті құжаттардың тізбесі ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады.
Кредит беру талаптары:
қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы (оның ішінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін) және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды, өзге өңірлерде – 10 млн. теңгеден аспайды.
Бүгінгі таңда, министрлікпен қаражат бөлу бойынша үкімет қаулысын жобасы дайындалып, бекіту жұмысы жүргізілуде. Қалай аталған қаулысы бекітіледі, сонымен өкіметтен ҚТҚЖБ-не тиісті қаражат бөлінгенне кейін ҚТҚЖБ несие беру жұмыстарын бастайды.