A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Бейсенбаева Сауле Серикбаевна

Дата: 13.05.2019
Просмотры: 74 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіз бе, Ержас Серғазыұлы! Менің сізге 2 сұрағым бар еді. Біріншісі: Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін алушылар тізімінде 2015 жылдын бері тұрмын. Жер беріле ме екен? Берілсе қашан беруді жоспарлап отырсыздар? Екінші мәселе: Үшқоңыр ауылының жаңа үйлер салынған бөлігінде (Тәуелсіздік көшесі) жол өте нашар жағдайда. Көлігіміз шыдамайды, үнемі жөндеуге апарамыз. Қыста,күзде, көктемде балшық. Су ағатын арна жоқ. Жаяу жүргіншілер жүретін тротуар жоқ. Балалар қайтқанда қысқы мезгілде қеш ерте батады, жарық жоқ. Біз жақты бір аралап қайтсаңыз, көлігіңізбен жүрсеңіз шошитын едіңіз. Әбден мезі болдық мына жолдан. Көмек көрсетуіңізді сұраймыз.

Ответ: Саламатсызба, Сіз азаматша С.Бейсенбаева жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер теліміне 2015 жылдың наурыз айының 20-шы жұлдызында 1825 болып кезекке тұрғандығыңызды хабарлаймыз. Шамалған ауылдық округінде жер телімдерінің болмауына байланысты жер телімі беріліп жатқан жоқ.
Қарасай ауданының көптеген ішкі аудандық маңызы бар автомобиль жолдары әсіресе, жаңақұрылыста орналасқан көшелер күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабы, 1 тармағына сәйкес, жолдарға жөндеу жұмыстары жобалау сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге Үшқоңырауылының Тәуелсіздік көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайын ЖСҚ әзірге жоқ, ЖСҚ дайындауға бюджеттен қаражат бөлінуіне тапсырыс жолданған. Жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінген жағдайда, Сіздің жазған өтінішіңіз ескерілетін болады.