A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Куюлов Шавкат Мухтарович

Дата: 29.03.2019
Просмотры: 224 Печать страницы
Вопрос: Ассалаумағалейкум.Карасаи ауданы Кемертогандан жер алмакшы едім Дачный участка сіздерден сурамакшы болғаным кележекте сол Дачный участкага Уи котерсем дакумент береме? Сосын Дачный участканы ИЖС ке ауыстыруға боладыма?

Ответ: Саламатсызба, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 102-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына бағбандықпен айналысу және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден берiледi.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 97-бабының 3-2 тармағына сәйкес, елді мекендердің жерін бас жоспарларына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және оларда құрылыс салудың осы жоспарларды алмастыратын схемасына) сәйкес кеңейту жағдайларын қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жеке тұрғын үй құрылысына арналған және жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған жердің нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.
Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісі жөнінде мәліметті алу үшін, Сізге Қарасай ауданы сәулет және қала құрылысы бөліміне өтініш білдіру қажет екендігін хабарлаймыз.