A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Махметов Мұрат

Дата: 11.04.2020
Просмотры: 41 Печать страницы
Вопрос: Құрметті Жандарбек Ермекұлы! Қызметіңізге табыс тілей отырып,Тұрар ауылының жағдайынан хабар бермекпін. Тұрар ауылы ауданымыздағы ең көне әрі ең үлкен ауылдардың бірі. Алматы қаласына жақын орналасқаны да - дамудың бір мүмкіндігі сияқты еді. Алайда, Қазіргі Тұрар ауылы мүлдем тозған. себеп: 1- Аулдың орталық көшесіндегі жол бойындағы шамдардың өртенентіні өртеніп, сығырайып екі-үшеуі ғана қалған; 2- аулылда президент жарлығы, жолдамасы, үкімет қаулылары туралы бірде-бір стенд немесе тақта жоқ; 3- аулылдың орталық көшесінен бұрылғаннан кейін, лай-батпақ, өмірі жөндеу көрмеген жолмен балаларды қойып, ересектердің өзі жүруі қиын; 4- ауыз судың әлсіздігі, кей көшелерде мүлдем су жоқ. 5- Аулдың орталық көшесінен өзге көшелердегі үйлердің тоқ мәселесі өте нашар. кешке лампалар сығырайып қалады? ... ауыл шатындегі Қарабұлақ, көкбұлақ көшелерінің жолы, тоқ жүйесі, ауыз су мәселесі өте қиын.қазіргі заманда бейшараның күнін кешіп қашанғы отырамыз. Бүкіл Республика бойынша елмен бірдей салық төлеп отырып,жетімінің күйін кеше беру қашанға дейін жалғасады. Әкім мырза! Бұл мәселе туралы өткен әкімдерге айта-айта шаршадық. Алматы облысының әкімі Амандық Батталов мырзаға тіке жазғанымызда, қаралатынын, шешілетінін айтып еді. соған сеніп, сізден үміт күтіп отырмыз. көмегіңізді аямағайсыз.

Ответ: Саламатсызба, Махметов Мұрат.
1) Тұрар ауылы, Көпбаев көшесінің бойында орналасқан түнгі жарық шамдары «Смарт Электромонтаж» ЖШС-ның теңгеріміне қарасты. Осыған орай жоғарыда көрсетілген мекеме басшыларымен Тұрар ауылының орталық көшесіндегі түнгі жарық шамдарына бекітілген уақытына сай тексеру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Қосымша тұрғындардың өтінішіне сәйкес уақытылы тексеріліп, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2) Үлкен стенд және арнайы билбордар ілетін конструкциялар округ аумағы бойынша Жібек жолы ауылында орналасқан, қазіргі уақытта Тұрар ауылы Көпбаев көшесінің бойында ақпараттық стенд орнатылған.
3) 2017 және 2018 жылдары округ бойынша Тұрар ауылында 4 көшеге толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, атап айтқанда олар Аронов, Ашекеев, Абай және Мұқанов көшелері. Қосымша Қарасай ауданының жолдар бөліміне 2020 және 2021 жылдарға Тұрар ауылынан 4 көшеге жөндеу жүргізу үшін сұраныс хат жіберілген, қазіргі таңда көшелердің жобалау сметалық құжаттары рәсімделуде.
4) Тұрар ауылында ауыз су мәселесін толықтай шешу мақсатында, «Казгипроводхоз» жоспарлау институтымен ауылды ауыз сумен қамту үшін құжаттары дайындалған. Ағымдағы жылы су жүргізу жұмыстарын бастау жоспарланған.
5) Электр желісін мәселесі бойынша 2019 жылы Тұрар ауылындағы жаңа құрылыс алқабындағы үйлерді электр желісімен қамту мақсатында 1 электр трансформаторлық подстанция бөлініп, орнатылған. Қазіргіуақытта басқада трансформаторларды жаңарту және жаңадан орнату мәселелері қарастырылуда.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 14-бабы, 6-тармағына сәйкес, лауазымды тұлғалардың өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғары тұрған органдарға шағым жасауға құқығыңыз бар.