A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Хожамуратова Светлана

Дата: 13.03.2020
Просмотры: 13 Печать страницы
Вопрос: Саламатсыз ба әкім мырза! Сізге Еңбекші ауылы , Ынтымақ көшесі тұрғындарының атынан хабарласып тұрмын. Үйімізге қарама-қарсы орналасқан канализация құбырларынан жер бетіне лас су мен қалдықтар шығады. Соның әсерінен ауа мен экология бұзылуда. Және көше тұрғындарында сасық иіс әсерінен іш және бас аурулары байқалуда. Бұл мәселе бойынша округ әкіміне хабарласқан болатынбыз, бірақ ешқандай іс-шара қолданылмады. Канализация құбырларын жөндеуіңізді сұраймыз!

Ответ: Сәлеметсізбе Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан Еңбекші елді мекенінің кәріз жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылыс монтаж жұмыстары басталған уақытта өтініште көрсетілген мәселелер ескерілетін болатынын хабарлайды.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 14-бабы, 6-тармағына сәйкес, лауазымды тұлғалардың өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғары тұрған органдарға шағым жасауға құқығыңыз бар.