A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Карасаева Сауле Табыловна

Дата: 16.01.2020
Просмотры: 82 Печать страницы
Вопрос: Құрметті Жандарбек Ермекұлы ! Жаңа жыл Жаңатұрмыс жұртына ауыр жағдайды ала келді. Былтырғы жылы жұмыс істеп тұрған ескісін жаңартамыз деп қыруар ақша шығарып , салынған су жүйесі екі күннің бірінде істен шығып есті кетіріп тұр. Қазір біз үш күн бойы сусыз отырып , қар ерітіп жатырмыз. Біздің ойымызша іске жарамсыз трубалар қолданылып , оларды салу сапасыз атқарылған . Азап шеккен ауыл тұрғындарының атынан сұрайтыным – Жандарбек Ермекұлы , мәселеге өзіңіз араласып, су жеткізуге жауапты адамдарға нақты тапсырма берер деп сенемін . Жұмыстарыңызға сәттілік ,жыл қортындысы бойынша өтетін елмен кездесулеріңіздің абыройлы өтуіне тілектестікпен , Сәуле Табылғазықызы Қарасаева . Мекенжайым : Жаңатұрмыс ,Байсейтов көшесі 1А. Өтінішімнің қалай шешілетіні жайлы жауап алармын деп үміттенемін. Ұялы тел . 8-701-721-91-43. 16.01.2020ж.

Ответ: Сәлеметсіз бе 2020 жылдың 15 қантарында Райымбек ауылдық округінде екі су құбырының жарылуы болды, атап айтқанда Тау жолы ауылынан өтетін Жанатурмыс ауылын сумен қамтамасыз ететін негізгі диаметірі 225 мм. су құбыры жарылған. Оның бірі сол күні жасалып бітті, ал екіншісі үй құрылысы салынған жеке аумақта орналасқандықтан, ауыр техника кіре алмады. Қазу жұмыстары қолмен жүргізілді және үй иесі қазу және жөндеу жұмыстарына тек күндіз ғана жасауға рұқсат берді. Сол себепті жөндеу жұмыстары екі күнге созылып кетті. Бұл авария күрделі жөндеу жұмыстарына жатады. Жөндеу жұмыстары 17 қаңтардың түнгі сағат 20.00 шамасында жасалып бітті.
Жөндеу жұмыстары жасалып жатқан барысында Жанатұрмыс ауылының тұрғындарына арнайы техникамен ауыз су тасымалдау жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындарға барлық жасалып жатқан жұмыстар ұялы телефон арқылы айтылып отырды.
Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталып, ауыз су өзінің деңгейінде берілуде.