A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Сандибаева Назира Абдикадировна

Дата: 22.07.2019
Просмотры: 51 Печать страницы
Вопрос: Саламатсыз ба, Әкім мырза! Мен Жандосов ауылы, Барибаев көшесінің тұрғынымын. Осы ауылда 14 жылдан бері тұрамыз. Су, салыққа, қоқыс шығару және т.б. коммуналдық төлемдерді уақтылы төлейміз. Дегенмен әрбір жазда біздің көшенің су мәселесі шешімін таба алмайды. Көшенің жарығы да өте әлсіз. Су мәселесі мен жарық мәселесін шешіп берсеңіз. Сізден басқа сенеріміз жоқ. Осынау 4 индустриялық революция заманында неге біз коммуналдық мәселелерді айтуымыз керек. Қашан шешімі болады. Ақшасын төлемесек қой қырқуға дайын тұрар еді. P.S.: Жандосов ауылының Алматы қаласынақатынайтын көлік мәселесі де шешілмеген. Әр жолы екі ортаға қатынайтын жолшыбай(попутка) көліктерге телміріп, мөлиіп тұрасың. Оларда әкесінің құнын сұрайды. Осы ауылдың тарихы тереңде жатыр. Маңыздылығы да жоқ емес, күннен-күнге қанатын жайып,өсіп келеді. Ал шешілмеген мәселелері шаш-етектен. Әкімдік қайда қарайды... Түсінбедім...

Ответ: Саламатсызба, қазіргі таңда Жандосов ауылын сапалы ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп Алматы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданғанын және Алматы қаласынан Жандосов ауылына қатынайтын жаңа 212 маршрут бағытымен жаңа автобустар халыққа қызмет көрсететінін хабарлайды.