A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Шайхиев Айдар

Дата: 02.04.2019
Просмотры: 39 Печать страницы
Вопрос: Аса құрметті Жандарбек Ермекұлы! Ауыз су туралы мәселе. Біз Қаскелен қаласы Арна көшесінде тұрамыз,(Новостройка Райымбек көшесімен жоғары,бұрын бригада деп атайды).Үстімізге су қоймасын салды,көшемізден су желісін өткізді Каскелен қаласының су қысымын көтеру үшін деп.Ол жумыстарды 2017 жылы октябрь айларында бітірген. 2018 жылы ауыз су беріледі деген.бірақ су әлі берілмеді. Қашан су болады екен? Және де осыдан екі жыл бұрын жол мәселесін көтерген едік Әкімнің сайтында онда келесі жылы планға кіргіземіз деген,өз күшімізбен шағал тас төсеп алдық, Ел басымыз айтқандай біздің де 50 дамыған ел қатарында өмір сүргіміз келеді. Құрметті әкім мырза,бізді қинайтыны ауыз су. Осы сұраққа жауап қайтарсаңыз екен. Рахмет

Ответ: Саламатсызба, қазіргі таңда ауданда «Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең топтама су құбыры құрылысы» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанның тапсырыс берушісі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті болып табылады. Ауданда нысанның құрылысы кезінде 24 елді мекеннің сумен жабдықтау желілері, оның ішіндеҚаскелең қаласы су құбырларының құрылыс жұмыстары қарастырылған.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылу мәселесі Қаскелең топтық құбырды пайдалануға беріліп, баланстық пен жұмыс істейтін ұйыммен келісімі бойынша қарастырылады. Бүгінгі күнге орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылу мүмкіндік қарастырылмаған.