A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Мырзабеков Койгельды

Дата: 28.10.2017
Просмотры: 271 Печать страницы
Вопрос: Курметти аким мырза! Иргели ауылдык округинин Коксай ауылы Тауелсиздик кошесинин басында (Аксай озени копиринен оте бере Апортка карай бурылып, одан солга бурылганда он жагыныздан шыгатын Улкен скважина орналаскан) жолдын бойында Ларек бар. Кундиз-туни жумыс жасайтын сол магазин улкен-киши деп жасына жане тунги 21.00-ден кеин де кез-келген адамга спирттик ишимдиктерди (аракты) сатып жатады туннин кай мезгилинде болса да пивосы мен арагын сатады, жакын жерде туратын ишимдикке сылкыя тойган жастар сол жерде жиналып, кунде кыргын-тобелес орын алып жатады. Сонын салдарынан балаларымыздын мектепке барып кайтуына коп аландайтын болдык. Бул маселе барлык коршилеримиздин кокеинде журген маселе.Бирнеше рет ескерту жасадык, жергиликти полиция окилдерин де шакырдык, бирак еш натиже берер емес. Осыган орай, Сизден аким мырза, сол Ларектын жумыс жасау зандылыгын тексеруди, жер телими бар ма немесе мемлекеттик кошенин бойында турганы калай? Спирттик ишимдик сатуга лицензиясы бар ма жане жеке касипкер ретинде тиркелген ба, салык органдарында тиркелген кассалык аппаратын да корген емеспиз, тунги 21.00-ден арак жане 23.00-ден кеин пиво сату зандылыгына тексерис жургизуге кузырлы органдарга салык баскармасы, акимдик жане полиция тапсырма берип, оз бакылауынызга алцынызды сураймыз.. Бул арыз оз натижесин бермеген жагдайда облыстык акимдик жане прокуратура органдарына шагымданып, букаралык акпарат куралдарын шакырып, когамнын назарын аударуга деин баратынымызды хабарлаймыз.

Ответ: Сәлеметсізбе. «Карасай ауданының Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сіздің Қарасай ауданының әкімі М.Бигелдиевтің жеке блогына жазған өтінішіңіз бойынша төмендегіні хабарлайды:
Тиісті мекен жайға әкім аппаратының жетекші маманы Н. Ногайбаев, учаскелік полиция инспекторы А. Игибаев шығып, қаралды. Тексеру барысында Көксай ауылының Тәуелсіздік көшесінің бас жағында орналасқан дүңгіршекте алкоголді сусындарды сатуға заңды құжаттарының жоқтығы анықталып, ескерту берілді. Қазіргі кезде бұл мәселе күнделікті бақылануда.