A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Сандибаева Назира Абдикадировна

Дата: 11.05.2015
Просмотры: 235 Печать страницы
Вопрос: Мен Қарасай ауданы Жандосов ауылы Барибаев көшесі №23 үйдің тұрғынымын. Осы 2015 жылдың 9 мамыр күні біздің үйімізде ұрлық жасалып, мал қорамызда тұрған малымыз ұрланды. Әрең дегенде телефон тұтқасын көтерген құқық қорғау органдарына қайта қайта хабарласып, олардың келіп тергеу жүргізуін сұрадық. Дегенмен, келмек түгілі, олардың тарапынан ешқандай әрекет жасалмады. Тіптен олардың тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалайтынына күмәніміз бар. Себебі, ауылымызда әртүрлі ұрлық фактілері жүзеге асып жатыр. Үйде балаларымызды жалғыз қалдыруға да қорқып, күнімен алаңдап жүреміз. Ұры қарыларымыз басынғаны соншалық, кімге шағымданарымызды түсінбей қалдық. Құрметті Әкім мырза! Ауданымыздың құқық қорғау органдарының іс-әрекеті мен олардың өз өкілеттіліктерін өз орнымен қолдануын жолға қоя отырып, қарапайым аудан тұрғындарының алаңсыз өмір сүріп, мал-мүлкіміздің амандығын қадағалауға мүмкіндік жасайсыз деп үміттенеміз. Ел аман, жұрт тыныш болса ғана, халықтың әл-ауқаты жақсара түсері анық. Сіздің тарапыңыздан көмек не нақтыы шаралар болмаса, онда облыс әкімінен шешімін күтеміз. Сіздің халық жағын ойлайтыныңызға сенім артамыз!

Ответ: Сәлеметсізбе! Сіздің 2015 жылдың 12 мамырдағы шығыс №125 хатыңызға аз. Н.А.Сандибаеваның арызы бойынша Қарасай АІІБ №15-6647 АТК-ге тіркеліп қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз.