A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Досжанова Кулжанат Адилхановна

Дата: 19.04.2016
Просмотры: 543 Печать страницы
Вопрос: Құрметті әкім мырза мен Досжанова Кулжанат Адилханқызы Алматы облысы, Қарасай ауданы әкімдігіне қажетті құжаттарды өткізіп, тұрғын үй кезегіне кезекке тұрғанмын.Сайт арқылы өз кезегімді тексеру жүргізсем сұраныс бойынша ешқандай жауап алалмадым. Мен өз кезегімнің қандай нөмірде екенін білсем боладыма және тұрғын үйлер беріліп жатырма?

Ответ: Сәлеметсізбе! Сіз жалдамалы үй кезегіне 2015 жылғы қыркүйек айының 04-де тіркелгенсіз. Бүгінгі күні жалпы тізімдегі кезегіңіздің №2280, «бюджеттік мекеме қызметкерлері» санаты бойынша кезегіңіздің №1196.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 74-бабына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.
2016 жылы Қаскелең қаласында «Қарлығаш» шағын ауданында көп қабатты 50-пәтерлік жалдамалы тұрғын үй тапсырылуы жоспарлануда. Құрылыс аяқталып, нысан іске қосылып және толық техникалық және атқарушылық құжаттарымен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы ММ-нің теңгеріміне берілгеннен кейін, тұрғын жайлар (пәтерлер) тұрғын үй комиссиясымен үлестіріледі.