A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Адилова Маншук Талип қызы

Дата: 08.12.2015
Просмотры: 361 Печать страницы
Вопрос: Құрметті Әкім мырза! Мен сізге тұрғын үй мәселесі жөнінде былтыр хат жазған едім,Бүгінде сол жүрегімдегі баспаналы болсам деген үмітім сөніп бара жатқандай. Амал не?! Әлі де болса көмектесер деген үмітпен сіздің алдыңызға тағы да хат жазып отырған жайым бар. Жағдайымды айтып қайтейін, екі бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты анамын. Қазіргі уақытта басымда баспанам болмағандығынан 12 кв метр жерді 55000 жалдап тұрып келемін. Алатын жалақымның 70 % пәтерақыны төлеумен кетеді. Қазіргі кезде қатты қиналып қысылып жүрмін. Осы мәселемен күз айында сіздбен бетпе бет жолығудың сәті түспей орынбасарыңызға жолыққан едім. Алайда ол кісі менің жағдайымды тыңдаудың орнына өз басының жағдайын айтып шығарып салды. Әрине, «маған өкімет маған үй қарыз емес», дегенменде Егеменді елімнің азаматы болғандығым, мемлекеттегі қызметкер яғни, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушы болып істейтінім, қазіргі уақытта толық емес отбасы, екі бала асырап отырған жалғыз басты ана екендігім шындық жайт! Егеменді елімнің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының осы қаңтар айындағы «Нұрлы жол» бағдарламасында барлық әлеуметтік жағынан аз қорғалған жанұялар тұрғын үймен қамтамасыз етіліп бітсін» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, Сіздің де бір көмегіңіз тиер деген үмітпен тағы да Сізге хат жазып отырмын! сіздің әкімдікте толық емес отбасы ретінде тұрғын үй кезегіне 848 болып кезекте тұрмын. Сонда осы уақытқа дейін әлі де болса жылжымағаны ма? Әлде біз сияқты үні шықпайтын жалғыз басты аналардың үйлі болсам деген арман тілегі жаңғырмай сол күйінде тұншығып қалып қоя береді ме? Сізден өтінерім, "Қарлығаш" тұрғын үй кешенінен 1 бөлме болса да бөліп беріп, осы өтінімішімді қарастырып берсеңіз!

Ответ: Сәлеметсізбе! Адилова Маншук Талиповна2013 жылғы ақпан айының 05-ші жұлдызында «толық емес отбасылар» санаты бойынша 848-ші болып тіркелген.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» заңының 74-бабына сәйкес. «Азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кезегi» Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.