A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Ахметова Гулим Абдыманаповна

Дата: 09.08.2018
Просмотры: 159 Печать страницы
Вопрос: Cәлеметсіз бе? Құрметті Әкім мырза.Менің алдыңғы жазған хатымды дұрыс түсінбеген екенсіз.Мен көп балалы ана ретінде сонымен қатар бесінші баламның мүмкіндігі шектеулі болып туылуына байланысты сызден пәтер немесе үй сұрап жазған едім, мүмкіндік болса маган кезексіз пәтер беруіңізді сұраймын. Себебі мен көп балалы анамын және быр балам инвалид болуына байланысты көмек берсеңіз. Мен өзім Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы мемлекеттік мекемеде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет жасаймын. Қазіргі таңда декреттік демалыста отырмын.Жақын арада жұмысқа шығу мүмкіндігім жоқ, баламның жағдайына байланысты. Балама 3-4 операция жасалатынын айтты.Осы жағдайымды ескеріп, сізден кезексіз пәтер болмаса үй беруіңізді өтініп сұраймын.Құрметті Әкім мырза хатымды оқып жағдайымды ескерерсіз деген үміттемін.

Ответ: Саламатсызба, тұрғын үй мәселесі бойынша:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 және 68 баптарына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үй кезегіне төменгі категория бойынша:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар;
12) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы тұралатының хабарлайды.
Бүгінгі күнге, аудан бойынша, «Әлеуметтік жағынан осал топтары» санатына сәйкес, тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатпағандығын, сонымен қатар жоғарыда аталған бағдарлама негізінде тұрғын үйлер салынып тапсырылған кезде үміткерлердің реттік кезегіне және аудандық тұрғын үй комиссиясы отырысының қортындысына сәйкес тұрғын жай бөлу мәселесі қарастырылады.