A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Асылбаева Насихат Еркеновна

Дата: 18.02.2017
Просмотры: 232 Печать страницы
Вопрос: Курметти Аким мырза мен Жас семья багдарламасы бойынша уй алгым келеди. Соган кандай кужаттар тизимин жыйнау керек.Пропискам Карасай облысы п.Жамбылда. 3 балам бар, бирак куйеуимнин пропискасы калада.

Ответ: Сәлеметсізбе! Қазақстан Республика Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»№ 922 қаулысына сәйкес, жергілікті атқару органның (ЖАО)жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйін, "ҚИК" ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйін, "Бәйтерек девелопмент" АҚ және Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерін алуға үміткер қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) 1 бірліктен артық тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға немесе жалға алуға рұқсат етілмейді. Осы талаптың орындалуын бақылау өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің қатысуын тексеру туралы өтініш берушінің міндетті келісімі негізінде жүзеге асырылады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен соттан тыс тәртіппен мәжбүрлі немесе соттың шешімі бойынша кепілдікке алынған тұрғын үйді өткізу жағдайларын қоспағанда, Бағдарламаға қатысушы сатып алу-сату шарттары бойынша меншікке сатып алған кредиттік немесе жалға берілетін тұрғын үйді сатып алған күнінен бастап бес жыл ішінде иеліктен шығаруға жол берілмейді;
3) жалдау шарты жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органда міндетті мемлекеттік тіркелуге тиіс.
ЖАО-ның жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйін, "ҚИК" ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйін, "Бәйтерек девелопмент" АҚ және Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерін алуға үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;
4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;
5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;
6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;
7) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;
8) жалақы туралы анықтама;
9) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;
10) меншікті қаражат және (немесе) қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екендігі туралы өтініш;
11) Заңның 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар.
Жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйге үміткерлер үшін қосымша мыналар талап етіледі:
1) өтініш берушінің және/немесе өтініш беруші жұбайының (зайыбының) мемлекеттік мекемелерде, бюджеттік ұйымдарда немесе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарда қызметін жүзеге асырған кезде жұмыс орнынан анықтама;
2) отбасы мүшесінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрін растайтын анықтама;
3) өтініш берушінің немесе оның жұбайының (зайыбының) "кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар" мәртебесін растауына арналған құжаттар;
4) Тұрғын үй құрылысының 2005 – 2007 жылдарға және Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде "жас отбасы" санаты бойынша өтініш берілетін орын бойынша қатысу туралы және белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде салынған үйде тұрғын үй алушылардың тиісті тізіміне енгізілмегені туралы мәліметтер;
6) тұрғын үйді техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қорытынды және тиісті ЖАО-ның шешімі.
Құжаттар ЖАО Бағдарламаның белгілі бағыты бойынша пәтерлер санын, типтерін және өткізу тәсілдерін (сату, сатып алу мүмкіндігімен жалға алу, сатып алу мүмкіндігінсіз жалға алу) көрсете отырып, тұрғын үйді өткізу туралы хабарландыруларды жариялаған кезде тапсырылады. Аудан орталықтарында, үміткерлерден өтініштер мен құжаттар қағаз жеткізгіште қабылданады, ал электрондық-ақпараттық база іске қосылғаннан кейін тек қана "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қабылданатын болады.
Бүгінгі таңда аудан бойынша «Жас отбасылар» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп жатпағанның хабарлайды.