A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Мухатов Науатбек Зауытбекович

Дата: 13.05.2020
Просмотры: 7 Печать страницы
Вопрос: Мен Мухатов Науатбек, 3 группа инвалид, 15000 тенге бериледи дейсиндер, кайда, кимге звандайтынымызды айтпайсындар, халыкты акымак кылып, акимат ка звандасан как всегда алмайды, кайда заявка жиберемиз, енди???

Ответ: Сәлеметсіз бе Наутбек Зауытбекович, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі «Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» №212 бұйрығына сәйкес, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемақысын өтеу төмендегі адамдардың немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелерінің өтініші негізінде карантин енгізілген аумақтағы елді мекендерде жүзеге асыратынын хабарлайды.
Коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшот болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша өтеуге құқығы бар адамдардың онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің санаты:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын, жалғызбасты зейнеткерлер;
6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.
Жоғарыда көрсетілген бұйрықтағы талаптарға сәйкес болған жағдайда, zhetysu.komek109.kz электрондық сайт арқылы немесе өздеріңіздің жергілікті атқарушы органда (акимат) жазбаша түрде өтініш қалдырасыз.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 14-бабы, 6-тармағына сәйкес, лауазымды тұлғалардың өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғыра тұрған органдарға шағым жасауға құқығыңыз бар.