A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Тлеуберды Акмарал Асылбеккызы

Дата: 21.04.2020
Просмотры: 29 Печать страницы
Вопрос: Салеметсиздерме мугеддек баламен отыр едим. Ком услуга жайлы кайдан малимет аламыз. Кайда хабарласамыз ешкандай комек корсетпединиздер енди ком услуга толеп беретин шыгарсыздар или олда берилмима каскеленге

Ответ: Сәлеметсіз бе Акмарал Асылбеккызы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі «Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» №212 бұйрығына сәйкес, коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшот болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге құқығы бар адамдардың санаты:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларыды тәрбиелеуші отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер жатады.
Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге шығындарды өтеу белгіленген тәртіппен бекітілген жеке қаржыландыру жоспары негізінде, яғни 2020 жылғы 15-20 мамырдан кейін жүзеге асырылады.
Өтініштер zhetysu.komek109.kz электрондық сайт арқылы қабылданады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 14-бабы, 6-тармағына сәйкес, лауазымды тұлғалардың өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғыра тұрған органдарға шағым жасауға құқығыңыз бар.