A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Калиева Бейсекуль

Дата: 16.04.2020
Просмотры: 16 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіңбе, құрметті Әкім балам! Мен 15.03.1936жылы ОҚО обл. дүниеге келген-Тыл ардагерімін. 2017жылдан Алматы обл., Карасай ауд, Кырғауылды округі, Ақбота, 27уч, 8-линияға көшіп келдім, сол аралықтан бері Тыл ардагері ретінде ешқайда тіркелмедім, ОҚО жыл сайын көмек алып тұратынмын, осы Алматы обл.келгелі денсаулығыма, жасыма байланысты үйден шыға алмаймын. Тыл ардагері ретінде, ҰОСна 65жыл(2010ж) және 70 жыл(2015ж) толуына орай 2 мерекелік медалімен наградталғанмын. Сізден өтінерім: мені Тыл ардагерлік тізімге енгізіп, маған ҰОС көмектен құр қалдырмаңыз. Жазу, оқу білмеймін, үйдегі немерелерім арқылы өтініш беріп отырмын, өзімнен туған бала дүниеден 2010жылы өткен, немеренің қолындамын. І/н: Бейсекуль апа.

Ответ: Cәлеметсіз бе Бейсекуль Калиева, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31,37-бап, 1-тармағының 14) тармақшаларына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық қызметі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін тылда алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы қаулы қабылдады.
Сіз Түркістан облысы, Түлкібас ауданының зейнеткері болып табылатындықтан, тыл ардагерлеріне Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына орай берілетін біржолғы әлеуметтік көмекті алу үшін Түлкібас ауданына жүгінуі қажет екендігін хабарлайды.