A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Жумагалиева Динара Жумагалиевна

Дата: 27.07.2019
Просмотры: 10 Печать страницы
Вопрос: Курметти аким мырза мен Жумагалиева Динара Карасай ауданына карасты болган Айтей ауылдык округи жамбыл 73уй тургынымын менин кояр сурагым менин 7балам бар балаларга берилетин 21тенгеден толенетин жардем акыны алалмай отырмын Айтей ауылдык акимшлеке дакумент откизуге барсам дакументеримди кабылдамады жолдасым жумыс жасамайды озимде алатыным 1жаска дейын толенетин пасобия баска табыс козы жок толемеу себебинин зандылыгын аныктап беруинизди суранам

Ответ: Саламатсызба, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 заңының 1-бабының 4 тармағына сәйкес, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем; (Алматы облысы бойынша 2019 жылдың 2 тоқсанына кедейлік шегі 20789 теңге).
10-тармағына бойынша: Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
2-бабының 5-тармағына сәйкес: Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Жұмыспен қамту орталығының маманы Сізбен ұялы байланыс арқылы хабарласып, жолдасыңыздың жұмыспен қамту орталығының белсенді шараларына қатысқан жағдайда, атаулы әлеуметті көмек жәрдемақысы көрсетілетіндігі туралы заң аясында, толық түрде түсіндірілгендігін хабарлайды.