A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Бакенова Гаухар Амзебековна

Дата: 21.06.2019
Просмотры: 28 Печать страницы
Вопрос: Салеметсизбе! Мен 4 баланын анасымын куйеум жумыссыз балага карайды.1 жасар улыма киши.мен денсаулыгыма байланысты 0.5 ставкада жумыстамын айлыгым 43000мын тенге .Алеуметтик комекке кужатты тапсырганыма 2 ай болды.Иргели ауылдык акиматка тапсырганмын.Али кунге дейн еш хабар жок .Естидим взятка берип 1айдын ишинде алгандарын.Казакстан соншалыкты осындай денгейге тускенима ? Буган ким жауапты неге бассыздыкка жол берилип жатыр.Ким кадагалап отырады .Акимшиликте мен тан калаганым мен толтырган отинишке толтырган кунин койдырмады .мине али кунге дейн еш хабарсыз отырмын звандасам 1аптадан сон кел 2 аптадан сон кел деп 2 ай отти .Не деген сумдык.Осылай жалгаса берсе министрге жазамын .телеарналарды хабардар етемин.

Ответ: Саламатсызба, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 заңының 1-бабының 4 тармағына сәйкес, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем; (Алматы облысы бойынша 2019 жылдың 2 тоқсанына кедейлік шегі 20789 теңге).
Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару туралы, 6-бабының, 1-тармағына сәйкес:
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылған өтініштің және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Жиынтық табысты есептеу қағидаларын орталық атқарушы орган бекітеді.
2-тармағы бойынша: Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округ әкімдігінің мәліметі бойынша, Сіздің отбасыңыздың құрамы 6 адамнан тұрады. Отбасыңыздың жан басына шаққандағы табысыңыз (бала жасына толғанша алатын жәрдемақыңыз-189307 теңге арнайы еңбек ақыңыздың-247640 теңге. 1-тоқсандағы барлық жиынтық табысыңыз – 436947 : 3 айға : 6 адамға = 24274,8 теңгені құрады.
Осыған орай, отбасыңыздың жиынтық табысыңыз облыс бойынша белгіленген кедейлік шегінен (20789-24274,8) 3485,8 теңге көлемінде асып кетуіне байланысты, жоғарыда аталған әлеуметтік көмекті тағайындауға мүмкіндік жоқ екендігін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы № 221 Заңының 12-бабына сәйкес, жоғары тұрған құзыретті органдарға жүгінуге құқығыңыз бар.