A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

ибрагимова сауле Базарбаевна

Дата: 05.06.2019
Просмотры: 3 Печать страницы
Вопрос: Сəлеметсізбе əкім мырза!Мен шамалған ауылдык округіне карасты екпінді турксиб 73те тіркеудемін.жакынға деиін сол інімнің уиінде турып келгенмін.бірак меркі ауданынан əке шешем көшіп келуіне баиланымты мен калаға көштім.əке шешем 2гр инвалид.колынды бір баласы 1топ мугедек(рак головного мозга)казир он жылдан асты.осы себептерге бола мен олар мен бірге тура алмаимын.аитаиын дегенім асп жөнінде.жануямда сегіз жан турамыз.өзімнің 4балам улкенім уиленген бірге турамыз.өз уиіміз жок шанырак 1де пəтер жалдап турып жатырмыз.менің асп ға шамалғандағы əкімдік апрель аиынан бері кабылдамаи коиған.28маи куні əрең кабылдады.мен бір жасар баламмен əкімдіктің есігін жағалап жургеніме ушінші аига карады.4июнь куні колыма тусініксіз шешім шығарып берді.яғни мен цонға жолығуым керек екен.мен оларға соның ішінді əкімге де тусіндіріп аитканмын калада уакытша тіркеудемін деп.əкім де тыңдағысы келмеиді өтінішімді колымнан ештене келмеиді деген.өзім оралманмын.заңда көрсетілген ғои оралмандар көп балалы аналар турмысы жагынан нашар отбасылар .осы көрсетілгендер боиынша маған тиісті ғои асп.жолдасым өзбекстан азаматы болғандыктан оны официально жумыска алмаиды.бірак енбек мигранты ретінде тіркеліп жалдамалы жумысшы.біз өкіметке кварталына 16мың толеп келеміз.бір балам студент.бірі окушы.кішкентаиым бір жаста .мен сол балаға карап отырмын.улкенім семьясы бар олар да бізбен бірге турады.əкімшішіктің аитуы боиынша маған асп тиісті емес. Сізден өтініш маған осы мəселені шешіп беріңізші.тағы да аитарым оралман ретінде мен ешкандаи көмек алмадым.торт жыл болды көшіп келгенімізге.осы асп берілсе рассрочкаға жер алып уи саламыз ба деген ниетте едік.

Ответ: Саламатсызба, «Е-халық» ақпараттық жүйесіне жанұяңыз тіркелген мекен-жайға Шамалған бекеті, Түрксіб саяжайы -№73 учаскесіне енгізілді. Аталған мекен-жайға комиссияның тексеру барысында: әкесі-Ибрагимов Б. 1952 жылғы - зейнеткер, анасы - Балжанова М. 1955 жылғы - зейнеткер және бауырлары Ибрагимов А. 1979 жылғы - I топ мүгедек, Ибрагимов С. - 1981жылы - жеке кәсіпкер, Ибрагимов Ә. 1988 жылғы - құрылысшы(анасының айтуы бойынша өз-өзін жұмыспен қамтыған) және Ажибаева Д. 1988 жылғы - келіні тұратындығы анықталды.
Сізге, Ибрагимова Сауле Алматы қаласы, Шаңырақ ықшам ауданында тұратындығыңызға байланысты, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 492-бабына сәйкес:
Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеусіз тұруы-ескерту жасауға әкеп соғатыны туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 93 бұйрығының 2-тарауының 4 және 8 тармақшасына сәйкес, тұрғылықты жеріңіз Алматы қаласы, Шаңырақ ықшам ауданына қарасты «Халыққа қызмет көрсету» орталығына жүгініп, уақытша тіркеуге отырып, жергілікті атқарушы органға жүгіну керектігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, уәкілетті органның жауабымен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14- бабының 6)-тармағына сәйкес лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), не өтініш бойынша қабылданған шешіміне шағым жасауға құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.