A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Курманалиева Зауре Копжасаровна

Дата: 27.05.2019
Просмотры: 48 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіз бе! Мен сызден 3 балама кәмелет жаска толғанға дейін үкіметтен жәрдемақы мен АСП алуыма болады ма деп сурайыншы деп едим. Ажыраскам. Казир үйде бала кутімімен отырмын.Жалдамалы патерде турамыз. Жауапсыз калдырмауынызды отинемын.

Ответ: Саламатсызба, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 заңының 1-бабының 4 тармағына сәйкес, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем; (Алматы облысы бойынша 2019 жылдың 2 тоқсанына кедейлік шегі 20789 теңге).
Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі, жалғыз басты табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі;
Сіз жергілікті ауылдық округ әкімдігіне немесе «Қарасай ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығына» жүгінсеңіз заңға сәйкес толық ақпараттар беріледі.
(Мекен-жайымыз: Қаскелең қаласы, Абылайхан 263А, Байланыс нөмеріміз: 8 (727) 3601195.