A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Сабитқызы Самал

Дата: 26.05.2019
Просмотры: 36 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіз бе, Жандарбек Ермекұлы! Мен Жамбыл ауылына қарасты дача Рахат-2 нің тұрғыны Самал Сабитқызы. Сұрағым соңғы шыққан әлеметтік көмек жөнінде, көпбалалы анамын, 5 балам бар, шағын үйде ата-енеммен тұрамын.Жолдасым мамандық бойынша жұмыс таба алмай жүр, екі жыл бұрын жұмыстан қысқартылған(сокращение), өзім 2 айлық баламен үйде отырмын.Жамбыл ауылының әкімдігіне барғанымызда ата енемнің пенсиясын есептеп, жолдасым қоғамдық жұмысқа шықсын, болмаса оқысын деп шығарып салды.Ата енемнің пенсиясы бұл жерде қатысы қандай, Бердік Сапарбаев жаңалықтарда зейнетақыны есептемейді деген еді ғой және үлкен кісілердің пенсиялары өздерінің дәрі дәрмектерінен ауыспайды. Сұрағым, неліктен көпбалалы отбасы ретінде әлеуметтік көмек берілмейді? неліктен бейнеттің зейнетін көріп жатқан үлкен кісілердің зейнетақыларын есептейді? Осы әлеуметтік көмек бес баласы бар біздің отбасымызға көмегі тиер еді.Өтініш менің мәселемді қарап беруіңізді сұраймын.

Ответ: Саламатсызба, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 заңының 1-бабының 4 тармағына сәйкес, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем; (Алматы облысы бойынша 2019 жылдың 2 тоқсанына кедейлік шегі 20789 теңге).
Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару туралы, 6-бабының, 2-тармағына сәйкес:
Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі заңының 4-бабына 12-тармағына сәйкес:
Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын толық көлемде орындамаған, сондай-ақ, шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда бұзылады.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 қыркүйекте № 138 (1735) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсіне орай: Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:
4) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
6) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
Самал Сабитқызы, жоғарыда көрсетілген заңнамаларға сәйкес Сіздің жолдасыңыз жұмыссыз болған жағдайда жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана мемлекеттік атаулы жәрдемақы көрсетіледі. Сіздің жанұяңыздың жиынтық табысын есептеу кезінде ата-енеңіздің зейнетақысы есепке алынатындығын хабарлаймыз.