A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Турлыгулова Назгул Турганбайкызы

Дата: 20.05.2019
Просмотры: 19 Печать страницы
Вопрос: Салеметсизбе мен Турлыгулова Назгул Турганбай кызы 1993жылгы 4баланын анасымын сиздерге откен жолыда жазгам мен карасай ауданы коксай ауылында арай 144а да турамын осы районда бир киси жаны ашып пропискага отыргызды куйеуимде туракты жумысы жок озим патер жалдап турамыз балларымнын жасы кишкентай улкеним 6жаста 4жаста 2жаста кишкентайым енди 4ай болды катты кыйналып жатканымды акиматтын адамдары келип уйди корип кеткен прадукты акеп беремиз деген олда жок уже бир жыл боп калды. Бизге тым болмаса пасобияны жасатсам болама АСП програмасын менин балларым кишкентай болгандыктан анда мында барып шаршадым кол ушын созып окимет бир комегин берсе екен. Куйеуимде туракты жумыс жок ол киси туракты айлыкка кирсе бала шагам аш калады пасобия маселесин шешип беруинизди сураймын. Тел:87474326001

Ответ: Саламатсызба, Қазақстан Республикасының 17 шілде 2001 жылғы №246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заңының 3 бабының 1- тармағына сәйкес, Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш берушілердің құжаттар ұсынуы талап етілмейді.
Орталық атқарушы орган айқындайтын тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды жинауды тұрғылықты жері бойынша – жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырады.
Осылайша, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін, Сізге «Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жолығуыңыз қажет. Аталған мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: Іргелі ауылы, Қонаев к-сі №68.
Толығырақ ақпарат алу үшін 8 727 388 30 24 байланыс телефоны арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.