A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Байназарова Гулшат Мухтаровна

Дата: 11.05.2019
Просмотры: 10 Печать страницы
Вопрос: Салеметсыздерма.от басылык жагдайга байланысты.менг 3 балам бар.соган акимматтан комек сорап баргам.куйеуым бар жумыс жасайды жалдамалы жумыс.быз быр кысынг уйынде тегын турамыз.енды ол уйды бузамын дейды шыгындар деп жатыр.мен балдарым жас военным 3жас 2жас 6айлык жумыска шыгалмаймын.соган акиматтагылар куйеуымнг жумысынан айлык жайлы справка сорады.омесе комек жок деп жыберды.мен село шымалганда турамын.кандай комек Бере аласыздар бызге комек кажет БП тур.

Ответ: Саламатсызба, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 заңының 1-бабының 4 тармағына сәйкес, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
10-тармағына бойынша: Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
2-бабының 5-тармағына сәйкес: Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Жоғарыда көрсетілген заңнамаларға сәйкес, Сіздің жолдасыңыз, жұмыспен қамту орталығының белсенді шараларына қатысқан жағдайда атаулы әлеуметті көмек жәрдемақысы көрсетілетіндігін хабарлаймыз.