A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Исламова Айнура Исламқызы

Дата: 13.04.2019
Просмотры: 86 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсізбе Әкім мырза! Мен Исламова Айнура Шамалған бекетінің тұрғынымын 1 группа бала кезіннен мүгедекпін. Бүйрегім жұмыс істемегендіктен гемодиализ аппаратына танылғанмын. Каскелен қаласындағы гемодиализ апаратына 2 күнде 1 рет 6сағат жатамын. Мен 2013 жылдан бері мүгедектерге берілетін үй кезегінде тұрмын. Бирақ міне 6 жыл болды кезегім келмеді. Сіздердің әкімдікке барсам ондай үй салынып жатқан жоқ деп қайтарады. Менің әкем жоқ үйде анаммен және 2 группа мүгедек психикалық аурумен ауыратын ағаммен тұрамын. Үйде психикалық аурумен ауыратын ағаммен тұру мүмкін емес ашуланып сындырып жынданады кейде үйге кіргізбейді сол кезде менін давлением түсіп жиі жедел жардем шакырамыз. Сіздерден осы үй мәселесімен көмектесулеріңізді өтініп сұраймын.

Ответ: Саламатсызба, Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есебіне 2013 жылдың 11 қараша айында «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтар» санаты бойынша «1 және 2 топтағы мүгедектер» ретінде тіркелгеңіз және бүгінгі күні кезегіңіз №238-ші болып тұрғаныңызды хабарлаймыз.
Қазіргі таңда, аудан бойынша, «Әлеуметтік жағынан осал топтары» санатына сәйкес, тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатпағандығын, сонымен қатар жоғарыда аталған бағдарлама негізінде тұрғын үйлер салынып тапсырылған кезде үміткерлердің реттік кезегіне және аудандық тұрғын үй комиссиясы отырысының қорытындысына сәйкес тұрғын жай бөлу мәселесі қарастырылатынын хабарлаймыз.
Бүгінгі күні, ««7-20-25» Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы»№ 107 қаулысына сәйкес, Екінші денгейдегі Банктер, ішкі талаптар мен құжаттарды ескере отырып, салымшыларының ішінен берген өтініштердің негізінде дербес пулдарды қалыптастырады.
Аталған бағдарлама бойынша қатысу үшін жеке тұлға екінші денгейдегі Банктерге өтініш ұсына алады.
Бағдарлама бойынша банктер беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының өлшемдері және Оператор сатып алатын талап ету құқықтары мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс.

Бағдарлама: «7-20-25»;
Нысаналы мақсаты: Бастапқы тұрғын үй сатып алу;
Сыйақының жылдық номиналдық мөлшерлемесі: 7%;
Бастапқы жарна: Кепілмен қамтамасыз ету құнының 20%-ы;
Ипотекалық тұрғын үй қарызының мерзімі: 25 жылға дейін;
Ипотекалықтұрғынүйқарызының валютасы: Теңге;
Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны: Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін –
25 млн теңге; Басқа өңірлер үшін – 15 млн теңге;
Қарыздың ең көп сомасы: Белгіленбейді;
Кепілмен қамтамасыз ету: Сатып алынатын жылжымайтын тұрғын үй;
Кепілмен қамтамасыз ету құны: Мыналардың: 1) тәуелсіз бағалаушы айқындаған құнның; 2) банк айқындаған құнның; 3) тұрғын үйді сатып алу жөніндегі мәміле бағасының ең аз мөлшері бойынша айқындалады;
Қарыз бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссиялар: Ұсталмайды;
Кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыру: Міндетті болып табылмайды. Қажет болған кезде банк кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыруды өз есебінен жүзеге асырады;
Жалғыз тұрғын үй өлшемшарттары: Белгіленбейді.

Аталған бағдарлама бойынша қатысу үшін жеке тұлға екінші денгейдегі Банктерге өтініш ұсына алады.
Үміткердің атында кредит және жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелер мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйді қоспағанда, тұрғын үй болмау керек.
Екінші деңгейдегі банктердің тізімі:
- «Халық Банк» АҚ;
- «БанкЦентрКредит» АҚ;
- «АТФ Банк» АҚ;
- «ЦеснаБанк» АҚ;
- Сбербанк
- «ForteBank»АҚ.
Және де, «Бақытты отбасы» бағдарламасының жобасын жолдайды және осы бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.