A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Акшолаков Ерлан Болатканович

Дата: 29.01.2020
Просмотры: 53 Печать страницы
Вопрос: Құрметті Жандарбек Ермекұлы! Мен Қарасай ауданына қарасты ПК КД "Олимпийский городок" (19 км) елді мекенінің тұрғыны Ақшолақов Ерлан Болатханұлымын. Сізге өтініш беру себебім, біздің аталмыш елді мекенде жабайы иттер көбейіп кетті. Кішкентай оқушы балаларға жүгіреді. Ауыл тұрғындарының атынан өтініш, сол жабайы иттерге бір шара қолдансаңыз

Ответ: Сәлеметсіз бе, «Алматы облысының ветеренария басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ветеренариялық пунктері бар Қарасай ауданының ветеренариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан құралған қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бригадасы Іргелі ауылдық округі бойынша ай сайын бекітілген кестеге сәйкес және Іргелі ауылдық округі әкім аппаратының ауыл шаруашылық маманының қатысуымен қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарын жүргізеді. Сіздің өтінішіңіз бригада қызметкерлерімен бақылауға алынды.
Қаңғыбас иттерді аулау іс – шаралары Іргелі ауылдық округі бойынша Қарасай аудандық ветеренариялық станциясының бекіткен кестесі бойынша жүргізіледі. Алдағы уақытта Іргелі ауылдық округі әкімдігіне жұмыс телефоны 388-30-24 нөміріне хабарласып, өтініш қалдыруыңызды сұрайды.