A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Исаев Ержан Жаймаевич

Дата: 15.02.2019
Просмотры: 117 Печать страницы
Вопрос: Ассалаумаағалейкум, аса құрметті Жандарбек Аға! Мен Шамалған ауылы, Әбіш Ата көшесінің тұрғынымын. Сіздің жеке блогыңызға жазып отырған себебім. Біздің көшеде қаңғыбас иттер өте көбейіп кетті. Менің балашағам үйден шығуға қорқады, өйткені сол иттер шабуыл жасайды. Балдарымыз мектептен келерде үй жаққа мүлдем жақындай алмайды, біз үйден шығып алдынан күтіп алмасақ. Бұл жайтты мен бір неше рет жазғанмын. Сондағы, Газель көлігімен ит аулайтындар келеді, иттерді аулағандай болады да кетеді. Осыдан екі жыл бұрын, менің кішкентай ұлымды көшеде ойнап жүрген жерінен сол иттердің бірі үйге дейін қуып акелілді. Құдай сақтап баламды ол иттер талап тастамағанына. Сізден өтінерім, құзырлы мекемеге тапсырма беріп, ит атқыштарды жіберсе. Ол иттерді тек ату керек, аулап ұстау мүмкін емес. Бала шағамның амандығы мен қауіпсідігі мен үшін өте маңызды мәселе. Құрметті Жандарбек Аға, менің өтінішімді қараусыз қалдырмайды деп сенемін. Сізді, Қарасай батыр, Наурызбай батыр, Көшек батыр бабаларымыздң әруақтары қолдасын.

Ответ: Саламатсызба, Қарасай ауданында халық өте тығыз орналасқандықтан, қаңғыбас иттерді атып - жою заңға қайшы. Сол себептен, Қарасай ауданының ветеринарлық станциясынан құрылған қаңғыбас иттерді аулау бригадасымен тек аулап, ұстау арқылы жойылады.
«Қарасай ауданы әкімдігінің ветеринарлық станциясы, ауыл округтеріндегі ветеринарлық пункттері» ШЖҚ МКК-ның қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бригадасы шағымда аталған мекен–жай бойынша 2019 жылы 21 ақпанда қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарына барған, Сіздің қатысуыңызбен 3 бас ит ұсталынған.
Алдағы уақытта қаңғыбас иттерді аулау іс-шаралары Шамалған ауылдық округі бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.