A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

нурбаева Улпа Бейсебаевна

Дата: 15.03.2016
Просмотры: 415 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсізбе? Менің кояр сұрағым жоғары медицина бойынша окуды бітіргем. Е4 категориясына тест тапсырдым оттім. Әкімшілік ке жұмысқа туруға болама? Конкурс талаптарын, окысам гуманитарлық техникалық т.б мамандық бойынша екен Рахмет

Ответ: Сәлемесізбе! «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларына сәйкес өткізіледі. Бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс жарияланғаннан кейін конкурсқа қатысу үшін белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқығы бар. Сіздің мамандығыңыз бойынша Қарасай ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндіктен бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурсқа қатысуға мүмкіндігіңіз жоқ екендігін хабарлайды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 және 14 баптарының негізінде, Сіздер қабылданған шешімге шағым жасауға құқығыңыз бар екендігін хабарлайды