A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Альмаханова Айгерим Смагуловна

Дата: 23.01.2020
Просмотры: 67 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіз бе! Мен Қарасай ауданы, Бұлақты ауылының тұрғынымын. Адрес: Елтай 24. Мені мазалайтын сұрақ бар. Райымбек ауылындағы поликлиникада қажетті мамандардың жоқтығынан қаладағы поликлиникаға баруға тура келеді. Өйткені, мамандар ақылы түрде қаладан аптасына 1 рет келіп тұрады екен. Мед.страхования деп жатсыздар, ең алдымен неге мамандарды қарастырмайды? Жағдайымыз нашарлағанда жедел-жәрдем шақыру мүмкін емес. Оператор өздеріңіз келіңіздер, машинамыз жоқ сіздерге баратын немесе фельдшер жаяу жүр күтіп алыңыздар дейді. Не деген сұмдық... қалаға тиіп тұрып, спартандық жағдайда өмір сүреміз. Және медицинаға қатысты емес мәселе. Халық болып қанша жыл өзіміз тас төсейміз жолымызға. Быт-шытын шығарып кетеді камаздар. Қашан үкімет тарапынан жол салынады? Қашан жақын маңда мектеп салынады? Налогты уақытымен төлейміз, дегенмен оның да бір халыққа деген қайтарымы болу керек қой. Жолымыз ойдым, скорыйымыз жаяу, поликлиникамыз мамансыз.

Ответ: Сәлеметсіз бе ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметінің дәрігерлерімен талдау жүргізілді. Нәтижесінде келесіні хабарлаймыз:
1. «Райымбек» дәрігерлік амбулаториясының медициналық қызметкерлер штаты толық жинақталған, бейінді мамандарға келетін болсақ, дәрігерлік амбулаторияның штатына олар кірмейді. Сондықтан пациенттер жоғарыда аталған мамандардан кеңес алу үшін Қарасай орталық ауданының ауруханасына жолданады.
2. Қарасай орталық аудандық ауруханасының, Медико-санитарлы алғашқы көмек жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесі 4-жеделділік санатының шақыртуларына қызмет көрсетеді, қалған шақыртулар Талдықорған қаласының жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.