A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Кошекбаев Серик Тлеуович

Дата: 11.11.2019
Просмотры: 86 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіз бе. Мен, Серік Тлеуович, Шамалған ауылы, Абай 41 үйінде тұрамын. Біздің көшеде қаңғыбас иттер көбейіп кетті. Балаларым мектептен қайтқанда және әйелімді көрші үйінен қайтқанынында іздерінен бір топ иттер қуыпты. Қанғыб жүрген иттерді ұстап алып кетсеңіздер. Ит иелеріне ескерту айтып керек болса айып пұл салынатынын ескертсеңіздер.

Ответ: Сәлеметсіз бе! Қарасай ауданы әкімдігінің ветеринарлық станциясы, ауыл округтеріндегі ветеринарлық пунктері ШЖҚ МКК-ның қаңғыбас иттерді аулау бригадасы 2019 жылдың басынан бері Шамалған а/о бойынша 252 бас қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын жүргізді. Шамалған ауылы, Абай көшесінен 2019 жылдың 20 қарашасында 2 бас ит аулап ұсталды.
Алдағы уақытта қаңғыбас иттерді аулау іс-шаралары Шамалған ауылдық округі бойынша аудандық ветеринарлық станциясының бекіткен кестесіне сәйкес жүргізіледі.