A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Жусанбаев Азамат Нурланович

Дата: 05.05.2020
Просмотры: 7 Печать страницы
Вопрос: Әссәләумағалейкум құрметті әкім мырза. Мен көп балалы аз қамтылған отбасымыз. Үй-күйымыз жоқ жалдамалы үйде тұрып жатырмыз. Енді коммуналдық 15000 теңге алуға арыз айтатын десем әкымшылыктың ЖКХ бөлімі жұмыс телефонын көтермейді. Ал өзім Алматы Қаласы нан шыға алмай отырмын жұмыс барысымен. Сізден осы мәселені шешіп беруынызды сұраймын. ИИН 870424300283

Ответ: Сәлеметсіз бе Азамат Нурланович, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі «Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» №212 бұйрығына сәйкес, коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшот болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге құқығы бар адамдардың санаты:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларыды тәрбиелеуші отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;
6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар жатады.
Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге шығындарды өтеу белгіленген тәртіппен бекітілген жеке қаржыландыру жоспары негізінде, яғни 2020 жылғы 15-20 мамырдан кейін жүзеге асырылады.
Өтініштер zhetysu.komek109.kz электрондық сайт немесе Call–орталығы: 8/72771/29065 арқылы қабылданады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 14-бабы, 6-тармағына сәйкес, лауазымды тұлғалардың өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғыра тұрған органдарға шағым жасауға құқығыңыз бар.