A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Айша Әбішкеліні Оразбай

Дата: 06.02.2020
Просмотры: 94 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіз бе, қадірлі Әкім Жандарбек мырза! Жандосов ауылында Елбасымыздың анасы Әлжан Ана қыздар Медресесі құрылысын 2001-ші жылдан бастап, жүргізіп келеміз. Әуелбастан өтініш 3 нысанға: 1. Әлжан ана қыздар МЕДРЕСЕСІ; 2.Ата-Аналарға арналған ҚОНАҚ ҮЙ; 3.Тұрғын үй беріліп, Әкім Б.Құтпанов қаулысымен бекіткен болатын. Жерді Аудан Әкімінің әуелбаста берілген Қаулысы бойынша былтыр үшке бөлген едік. Бірақ үш актіге де Қыздар Медресесі деп жазып берді, ал Өонақ үймен Тұрғын үйдің өабылдау актісі болса да ол жазылмады. Енді целевой назначениесін өзгерт деп Жандосов ауылы Әкіміне өтініш жаз деді, Аудан Әкімінің 3 нысан деп көрсеткен Қаулысы жарамайды деген соң амалсыз өтініш жазған едім. Содан хабар болмай жатыр...2 айдан асты. Жерді типовой договормен сатып алғанбыз, Айша Қоғамдық Қоры (Әйелдерді ақпараттық өолдау жөніндегі) атында. Егер тұрғын үй деп жазылмаса оған пропискаға, тіпті уақытша да тұрғызылмайды екен. Ал бұл Дәрігерлік Көмек алуға кедергі... Елбасымыз туған жер исі Қазақ үшін қасиетті! Айша Қоғамдық Өорының ұйымдастыруымен Зиарат етуге Нұр-Сұлтан қаласынан Аналар, Қыз балалар үнемі келіп, кетеді. Тек астанадан емес, Республика және Бауырлас Елдерден қарт апалар балаларымен келеді. Біз оларға Алла разылығы үшін тегін қызмет жасап келеміз. Жатар жер, көлік, эол көрсету, Құдайы ас беру т.б.деген сияқты. Ал астанада осы Қарасай ауданынан жиі келетін, Елбасы қабылдауына кіріп жүретін сыныптастары, жерлестері, туыстары Айша Қоғамдық Қорының салып жатқан Әлжан ана қыздар Медресесі Жатақханасында Алла разылығы үшін ақы-пұлсыз қонақ етіліп, жатар орын, ішер ас, шамамызша көлікпен қамтамасыз етеміз. Аралатып, қыдыртамыз. Бұл жақта Қарасайлықтар бір жұдырықтай, бізге үнемі қаражатпен де, маткриалмен де көмектесіп жүреді, шүкір! Кейде жеріңді бізге бер, үй салып сатайық, аөша табасың деп азғыра келетіндер, көнбесек күш көрсетуге әрекет жасайтындар да бар, олардан қазір отставкадағы КНБ РК генерал-майоры Қайрат Сатыбалды хажы баламыз айбынымен Крыша боп қорғап келеді, Алла разы болсын! Әбіш ата Назарбай Мешітіміз бар, 2003-ші жылдан бері құрылысшылармен біздерге ұры-қарыдан, маскүнемдерден, бұзақылардан қорғап, пана болып, жұмыс істеп тұр, тәуба! Өтінішіміз - Айша Қоғамдық Қорының Ұлттық Салт-Дәстүр, Имандылық тағлымдары, Патриоттық Тәрбие бағытында бағытында бұдан әрі де жұмыс жасай алуы үшін қағаз мәселесін шешіп берсеңіз екен. Үш атауы үш бөлек жазылса құрылысымызды тезірек аяқтап, болашақта Мүфтиатпен бірге де жұмыс жасауға, өз Жарғымыз бойынша да жұмыс жасауға мүмкіндігіміз болар еді. Алла Сізден разы болсын, Қайным, бізді көп жүгіртпесеңіздер, басталған ізгі ниеттегі істі абыроймен аяқтауға көмектессеңіз екен! Құрметпен, Айша хажы, Айша Қоғамдық Қоры Директоры

Ответ: Сәлеметсіз бе Сіздің жер телімінің нысаналы мақсаттық бағытын өзгерту туралы өтінішіңіздің негізінде, жер телімдерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі комиссиясына ұсынылды, қазіргі таңда комиссия қарауында, комиссия қорытындысының нәтижесіне сәйкес шешім қабылданатындығы туралы хабарлайды.
Берілген жауаппен қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республика-сының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңының 12-14 баптарына сәйкес жоғарғы органдарға жүгінуге құқығыңыз