A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Альмаханова Айгерим Смагуловна

Дата: 27.01.2020
Просмотры: 9 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіз бе, Құрметті Әкім! Мен Бұлақты посёлкасының тұрғынымын. ЕЛТАЙ көшесінде тұрамын. Жыл сайын көршілерімізбен ақша жинап, жолға тас төсейміз. Қашан Акимат тарапынан жол бізге салынады екен? Көшеміз қап-қараңғы. Үй жағымызда бейіттер орналасқан. Күнде трассаға жетуіміз үшін сол бейіттің жанынан қараңғы, балшық көшені кешіп, қорқынышпен жұмысымызға жетеміз. Бейіттерді қоршап, көшемізге жарық орнатып, жол төселсе екен...

Ответ: Сәлеметсіз бе Қарасай ауданының көптеген ішкі аудандық маңызы бар автомобиль жолдары әсіресе, елді мекендердегі көшелері күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабы, 1 тармағына сәйкес, жолдарға жөндеу жұмыстары жобалау сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге Сіздің сауалыңызда сұраған көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайын ЖСҚ әзірге жоқ, ЖСҚ дайындауға бюджеттен қаражат бөлінуіне тапсырыс жолданды.
Барлық елді мекендерде көше жарықтандыру бағандарын қалпына келтіру және орнату мүмкін емес, аудан бойынша көше жарықтандыру шамдарын кезең-кезеңімен қалпына келтіру және орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 2016 жылғы 15 қаңтардағы №1-2 қаулысы негізінде көше жарықтандыру шамдары Райымбек аулдық округі әкімдігінің теңгеріміне өткізілді.
Бейіт қоршау мәселесі бойынша Райымбек ауылдық округі әкімдігі тарапынан тиісті құжаттар рәсімделіп, ары-қарай қоршау жұмыстарына бюджеттік өтінім жолданылатын болады.