A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Оналбаев Асет Борантаевич

Дата: 23.09.2019
Просмотры: 4 Печать страницы
Вопрос: Саламатсыз ба әкім мырза. Мен Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылдық жердің тұрғыны мын. Біздің кәзіргі мәселеміз жол мен автобус мәселесі туындап тұр. Мен 9 квартал көшесінде тұрамын, жаңа мешіт жақта. 1 ші мәселе жолдың бәрі шұрық тесік тратуар деген атымен жоқ шаң тозаң үлкен жүк көліктері жау қуғандай айдайды осыдан 1 апта бұрын камаз баланы басып кете жаздады. Бұл не сұмдық 21 ғасырда тұрамыз егеменді ел болғалы 30 жылға тайады жол жоқ десек те болады қалаға 5 шақырым жерде тұрамыз ұятқой бұл. Жолдың шетіне топрақтарды үйіп тастаған адам жүретін жол жоқ шаңға тойып біттік бір шара қолдансаңыздаршы. 2 ші мәселе 344 автобус жайлы Қалқаманнан келе жатқанда 344 автобус жаңа мешітке шейін ғана келеді кері айналып кеттеді баларды мектепке қалай жеткіземіз. Алтын ордадан келе жатқан кезде жаңа мешітке кірмеді прямой Қалқаманға өтіп кеттеді. Алдында жүріп жүрген кәзір жол жаман деп жүрмейді. Баларды мектепке апару қиын. Айналайын өкімет не тратар жоқ не автобус жүрмейді не сұмдық мынау болашағымыз балалар дейсіздер оларға ешқандай жағдай жасалмаған. 30 зайырлы елдің қатарына қосылдық дейсіздер осы ма қосылғанымыз балармыз шаң тозаң жұтып жолы жоқ жермен жүріп мектепке барарда қорқып отырамыз қашан камаз қағып кетер екен деп. Ұяат жағдай ғой мынау.

Ответ: Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 8, 14 бабтарына сәйкес, қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу шақырымға дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау және республикалық маңызы бар қалаларда-қалалық және қала маңындағы тасымалдаулар маршруттарын, қозғалыс кестелерiн бекiтедi және оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi. Алматы қаласы және Алматы қаласынан 50-шақырымға дейінгі елді мекендерінің тұрғындарына қоғамдық көлік тасымалдау қызметін көрсететін мекемелердің жүру кестесін, қоғамдық көлік санын және бағытын ұйымдастыру Алматы қаласының қалалық мобильді басқармасының құзырында. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, республика алаңы 4. Телефоны 8 (727) 2716547.
Осыған орай, аталған мәселеге байланысты құзырлы мекемеге аудан әкімдігімен хат жолданып, қазіргі уақытта қаралу үстінде.
Қарасай ауданының көптеген ішкі аудандық маңызы бар автомобиль жолдары оның ішінде, елді-мекендерде орналасқан көшелер күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабы, 1 тармағына сәйкес, жолдарға жөндеу жұмыстары жобалау сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі күні Көксай ауылының Арай көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайын ЖСҚ әзірге жоқ, ЖСҚ дайындауға бюджеттен қаражат бөлінуіне тапсырыс жолданған. Жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінген жағдайда, Сіздің жазған өтініштеріңіз ескерілетін болады.