A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Жанар Жалғасбаева

Дата: 13.05.2020
Просмотры: 6 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсізбе құрметті Жандарбек Ермекұлы!Мен Қарасай ауданы, АКХ "Ленинский" № 7072/4 мекенжайда тұрамын. Сізге бүкіл ауыл тұрғындары атынан өтініш жазып отырмын. Біздің басты мәселеміз ауылымызға газ өткізу үшін жол жоқ, сол жолымызды Архитектура документ жағынан нақты көрсетіп жол ашып берсе екен. Тағы бір мәселе ауылымыздың атауы және көше атауы болмағандықтан, тұрғандарда тұрақты мекен жай жоқ. Осы аталған мәселемізді қарастырып, шешіп беруіңізді сұраймын. Рахмет!

Ответ: Сәлеметсіз бе Жанар Жалғасбаева, Орналасқан аймақтағы жер телімдерін қала құрылысы құжаттары бойынша тексеру нәтижесінде, аталған жер телімдері бас жоспар әзірленбеген, елді мекен шекарасына кірмейтін аумақта орналасқаны анықталғанын хабарлайды.
Осыған орай айқындайды, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 12 бабына сәйкес, меншiк иелерi не жер пайдаланушылар жер учаскелерiн құрылыс салу үшiн (коммуникацияларды жүргiзу, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануды тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлудi, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және оны пайдалану қағидаларын сақтай отырып жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына және 14 бабының 6) тармағына сәйкес, өтініш берушінің тиісті жоғарғы органдарға лауазымды тұлғалардың өтініш бойынша қабылдаған іс әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне шағым беру құқығының бар екенін ескертеміз.