A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Кожамкулова Айнур Омаровна

Дата: 27.04.2020
Просмотры: 1 Печать страницы
Вопрос: Мен көпбалалы ана Кожамкулова Айнур Омаровна. Сізден Райымбек ауылы, Сүйінбай көшесі, 91 үйдің жанындағы апатты екі ағашты кесіп берулеріңізді сұраймын. Ағаштар көшенің бойында, менің участогымда орналасқан. Газ құбырына және электр жүйелеріне жақын орналасқандықтан, құлаған жағдайда кедергісін тигізеді. Ағаштар шіріп тұр, адам өміріне де қауіпі бар. Высоковольтная линияның жанында болғандықтан, ағаш кесетіндер қомақты ақша сұрап отыр, менің шамам келмейді. Және көршілер де шағымданып отыр, өз қауіпсіздігіне алаңдауда. Ағаштарды кесіп берулеріңізді сұраймын!

Ответ: Сәлеметсіз бе Айнур Омровна, Райымбек ауылдық округі әкімдігінің тарапынан құрылған комиссия Райымбек ауылы, Сүйінбай көшесі, 91 үйге барып, өзіңізбен бетпе-бет жүздесу барысында, кәрі қос ағаштың қоршаудың ішінде орналасуы себепті, барлық жауапкершілік пен бұл ағаштарды үй егесінің өзі кесуі керектігі, Әкімдікте ағаш кесуге қаржы қарастырылмағандығы, бірақ та ағаш кесуге демеуші іздестірілетіндігі түсіндіріліп, тиісті Акт жасалынды.