A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Мысағожаева Назиман Бакытжановна

Дата: 17.04.2020
Просмотры: 12 Печать страницы
Вопрос: Саламатсызба мен 5 баланын анасымын копбалалы отбасымыз карантин болгалы бери киеуим жумыска шыга алмай жур калага азык тулик корзинасына жазылайын деген едим

Ответ: Сәлеметсіз бе Назиман Бакытжановна, Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты COVID -19 індетіне байланысты төтенше жағдай жарияланғалы ауылдық округтегі жеке кәсіпкерлердің демеушілік көмегімен көпбалалы, жалғыз басты аналарға, асыраушысынан айырылғын отбасына, жалғыз басты қарттарға, мүгедек жандарға әлеуметтік жағдайы төмен 210 отбасына азық-түлік себеттері берілді. Бүгінгі күнге ауылдық округ әкімдігінде азық-түлік қоржынын алуға өтініш білдірген мұқтаж 580 отбасы тіркелді. Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша Сізге телефон арқылы хабарласып түсінік берілді. Алдағы уақытта жеке кәсіпкерлер және жомарт азаматтар тарапынан азық-түлік себеттері әкімдікке ұсынылған жағдайда Сізге көмек беріледі.
Екінші сұрағыңыз бойынша: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығының 2-тарауы 4-тармағына (Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда-кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген жағдайда, тұрғылықты жері бір елді мекен шегінде, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген күннің адындағы алты ай ішінде уақытша тұру орны бойынша тіркелумен расталады.) жәнеде 2019 жылғы 26 тамыздағы №459 буйрығының 2- тарауының 14- тармағына (отбасы-бірлесіп тұрып жатқан, өз табыстары мен мүлігін толығымен немесе ішінара біріктірген, бір елді мекен шеңберінде тіркелген тауарларды, қызметтерді бірлесіп пайдаланатын адамдар тобы.) сәйкес, Сізге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мүмкін еместігін хабарлайды.
ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 6-тармағына сәйкес, Сіз лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) не өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасауға құқылысыз.