A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Джумагалиев Ербол Пирнепесович

Дата: 28.07.2019
Просмотры: 6 Печать страницы
Вопрос: Ассалаумағаликім карасай ауданы әкімі менің екі апкем бар жасы біреуі 46 да екіншісі 43те екеуінінде жалгыз басты біреуінің қызы бар жасы 13 те баспанасы үйі жок соларга қандай көмек көрсете аласыз жер алуга болмаса ипотекаға уй алуга көмектесе аласыздарма 28.07.2019 өтініш бір жауабын берін

Ответ: Саламатсызба, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы» № 372 қаулысының 5.5. бөлімінің 4-тармақтың 3-тармақшасына сәйкес, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ(әрі қарай – ҚТҚЖБ) шотында бастапқы жарна болған жағдайда, ҚТҚЖБ 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша:
алдын ала тұрғын үй қарыздары бойынша қарыз сомасының 10 %-ынан кем емес мөлшерде;
аралық тұрғын үй қарыздары бойынша "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында анықталған мөлшерде алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын береді.
Бағдарламаға:
көп балалы отбасы;
толық емес отбасы;
мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.
Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) ағымдағы қаржы жылына отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген 1 (бір) ең төменгі айлық жалақы көрсеткішінен аспайтын, соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (балалы бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген ЖАО-ның растауы.
Қажетті құжаттардың тізбесі ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады.
Кредит беру талаптары:
қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы (оның ішінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін) және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды, өзге өңірлерде – 10 млн. теңгеден аспайды.
Бұл бағдарлама 2019 жылдың 17 шілдесінен бастап өз жұмысын бастады.
Бағдарламаға қатысу үшін Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы»Заңының 67 және 68 баптарына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үй кезегіне төменгі категория бойынша:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы тұрып, Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінен (Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 213-үй, кабинет №3) «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на жолдама алу қажет.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 30 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 14-бабы, 6-тармағына сәйкес, лауазымды тұлғалардың өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғары тұрған органдарға шағым жасауға құқығыңыз бар.