A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Көлбаева Құрбанай Зұлхарнайқызы

Дата: 26.07.2019
Просмотры: 83 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіз бе! Мен Бұлақты ауылында (МТФ)тұрамын.Менің үйімнің жанында қоқысты өңдейтін зауыт бар.Қоқысты өңдеу барысында ауылдың ауасы ластанып, демалу мүмкін емес жағдайға жетті.Мұндай қоқысты өңдеу зауыттары заң бойынша елді мекеннен тыс жерде болу керек. Зауытқа барсақ есікті ашпайды. Бізге осы мәселені жақын арада шешіп берсеңіз дұрыс болар еді.Мекен жайымыз Бұлақты ауылы МТФ. Алдын-ала РАҚМЕТ!

Ответ: Саламатсызба, ағымдағы жылдың тамыз айының 2-ші жұлдызында «Қарасай ауданы кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы А.Оспанбеков, «Райымбек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ маманы Ж.Садаханов және Райымбек ауылдық округінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны А.Ахметовпен бірлесіп арызда көрсетілген қоқысты өңдеу зауытына тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында аталған жер телімінің аумағында 2 жалға алушы мекеме қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеумен айналысатындығы және олардың қызметі санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес еместігі анықталды. Аталған жеке кәсіпкерлерге ауызша ескерту жасалып, зауыт аумағын тазалау қажеттігі жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта, жалға алушы тұлғалардың ескертуге сәйкес тиісті шаралар атқаруына бақылау жүргізілетіндігін мәлімдейміз.