A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

школы коллектив М.Габдуллина

Құрметті Махаббат Садуақасұлы! «М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздары 2017 жылға наурыз айында «Заман жаршысы» газетінде жарық көрген аудандық мәслихаты депутаттарының Үндеүіне сәйкес бір күндік еңбекақымызды «Ардагерлер ұйымына» аударуға өз қарсылығымызды білдіреміз. Біз ардагерлерді құрметтейміз. Бірақ 8 жыл бойы 1 күндік еңбекақымыз аударғанына қарамастан бірде-бір еңбек , соғыс ардагерлеріне жиналған қаражаттың жетуі көңілге күдік ұялатты. Соғыс және еңбек ардагерлері де бұл өмірде жоқ. Бұл Үндеу болғандықтан әркім қанша қаражат аударамын, беремін десе де құқылы. Бұл міндеттеу емес. Бір облыс бола тұра, Қарасай ауданы бір күндік еңбекақыны ұстауды үрдіске айналдырды.Басқа аудандарда бұндай нәрсе жоқ. Ұлы жеңіс қасиетті ұғым . Біз түгелдей ұжым болып Республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық ұйымына 1000 теңгеден көрсетілген есеп шотқа аударамыз. Қарасай ауданы білім бөлімі бір күндік жалақыны аудараруға мәжбірлеуде. Ізгі ниетпен, «М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздары...
Подробнее Просмотры: 247 Категория: Образование и наука Дата: 10.04.2017

Болатбекова Варвара Юрьевна

Здравствуйте я отдала в садик ребенка . Там на детской площадке грязно столы качели горки . Почему они не вытекают?...
Подробнее Просмотры: 306 Категория: Образование и наука Дата: 10.04.2017

Абдрахманова Динара

Құрметті Бигелдиев мырза, Мен, Динара Абдрахманова, Үшқоңыр ауылының тұрғынымын. "Болашақ" бағдарламасы арқылы шетелде оқып, ірі шетелдік компаниялардың бірінде жұмыс жасаймын. Қазіргі таңда мен осы компанияда вахталық әдіспен Атырауда жұмыс істеймін. 2012-2013 жылдары Атырау қ. әкімі С.Айдарбеков мырзаның қолдауымен жұмыстан бос уақытта ағылшын тілін ерікті түрде мектептерде үйретіп келдік. Мұғалімдерге де ағылшын тілін оқыту әдістерін үйретіп, өз ұсыныстарымызды бердік. Ағылшын тілін үйрету бойынша осы ерікті бағдарлама аясында Атырау қаласының 12 мектебін қамтыдық. Қазіргі таңда отбасы жағдайыма байланысты Үшқоңыр ауылында тұрып жатқандықтан, Сізден ауыл мектептеріндегі балаларға ағылшын тілін ЕРІКТІ түрде үйретуге қолдау көрсетуіңізді сұраймын. Аптасына екі рет болса да жеткілікті. Материалдар қолда бар. Мақсаты ауыл балдарының тіл білімі деңгейін көтеру және тәрбиеулеуге үлес қосу. Қосымша сұрақтар болса, жауап беруге дайынмын. Рақмет!...
Подробнее Просмотры: 277 Категория: Образование и наука Дата: 09.04.2017

Ешметова Гульнара Желеуовна

Салеметсиз бе аким Мырза. Мен Аудан тургынымын. Иргели ауылына Карасты 5 болимшеден озимнин шамам келгенше елбасымыздын салихалы саясатынын аркасында Балапан багдарламасы бойынша балабакша аштым. Ол жер жанакурылыс болгандыктан кемшилиги оте коп. Суы жок жерде Асыл арман кешенинен 800метр кашыктыктан су таркыздым. Газды да озим тарттым. Енди ги жерде барлык шыгындарды шыгарып болып. Балапан багдарламасына отиниш жазып тастап кеттим. Кайта кайта хабарласып барып турмын. Бирак бул багдарлама токтатылган деиди . Сонда бул калайша бул багдарлама 2020 жылга деинги багдарлама емес пе еди. Не ушин багдарлама токтатылады? Енди биз мен сиякты балабакша ашкандар не истеиди? Бул маселени ким шешеди? Кайда барып кимге айтамыз. Осы суракка жауап берсениздер екен. Алде бул облыска карайын маселеме? Рахмет. Жауап кутемин....
Подробнее Просмотры: 329 Категория: Образование и наука Дата: 14.03.2017

Алмагамбетова Жанар Жексенбаевна

Құрметті Махаббат Сәдуақасұлы! Мен Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы М.Әуезов атындағы орта мектебінің мұғалімімін. Осы мектептің директоры Аубакирова Нагима Досболовнаның мектеп басшысына лайық емес, заңға қайшы іс-әрекеттерін сізге ашып айтқалы отырмын. «Ұстаз-атаңнан ұлы» деген құдіретті ұлы сөз бар екенін өзіңіз де жақсы білесіз. Қоғамымызда ұстаз деген ұлағатты есімнің мәртебесі төмендеп бара жатса да, талай жиындарда Сіздің: «Өз басым ұстаздарды қатты құрметтеймін, алдында бас иемін!»,-деген бір ауыз сөзіңізге жүрегіміз елжіреп, бір марқайып қалатынбыз. Сондықтан Сіздей кемел басшысы бар аудан тұрғыны ретінде, ұстаз ретінде осы жан айғайыма құлақ түруіңізді өтінемін. Мектеп басшысы Н.Аубакирова өз қызметтік лауазымын атқару барысында «Мемлекеттік қызмет туралы Заңның» 11-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес қызмет этикасын, нормаларын сақтау жөніндегі талаптарын өрескел бұзу арқылы өз қарамағындағы қызметкерлер мен оқушылардың ар-намысына тию фактілеріне жиі орын береді. Мысалы, сабақ үстінде сыныпқа рұқсатсыз баса-көктеп кіріп, мұғалімдерді оқушылардың көзінше ауыр сөздермен балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, мұғалім беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасайды. Менің аяғым ауыр, ақпан айында декреттік демалысқа кетуім керек болатын. Аяғымның ауыр болғанына қарамастан, қыркүйек айынан бері күнделікті сабақ өтіп жатқан кабинетіме баса көктеп кіріп, аузына келгенін айтып айқайлайды. Өз кабинетіне ретсіз, орынсыз шақырып ала береді. Айтатын сөзі: «Мен сені жек көремін! Декреттік демалысыңа кеткен соң, бұл мектепке қайтып келем деп ойлама. Мен сені жұмысқа алмаймын! Келсең де, ізіңе түсіп, бәрібір кетірем!». Осындай ауыр сөздер маған қатты әсер етеді. Күнде үйге барып, не жолдасыма айта алмаймын, бүк түсіп, жылай берем, жылай берем. Менің не жазығым бар сонша?! Дайындық тобына сабақ беремін. Түсте сабақ біткен кезде ата-аналар балаларына келіп, алып кетіп жатады. Міне, осы кезде мектеп басшысы шығады да, ата-аналардың, оқушылардың көзінше маған дөрекі сөздер айтып, балағаттап, құқығымды таптайды. Сондағы сөздерін тіпті жазу маған қиын болса да айтайын: «Кет! Құры! Жұмыстан шық! Ақымақ! Топас!» Менің оралман екенім рас, Қарақалпақстан Республикасынан тарихи Отанымызға оралған отбасымыз. Қазақ деген киелі Атамекенімізге зор сағынышымызбен оралған жандармыз. Біздің кінәміз не? Қалпақсың, анау жақтан келген туысқандарыңды жинап кел, қолдарыңнан не келеді?»,- деп кекетеді. Осының бәрі мені ауыр стресске алып келді. Күндіз күлкімнен, түнде ұйқымнан айырылдым. Құрсағымдағы балама да зардап болып тиіп жатыр. Осы жылғы 19 қаңтар күні мен үшін нағыз ауыр күн болды, өмірде өзімді адам ретінде тани алмай қалдым, өзімнің соншалықты неге қорланғаныма бәрінен де қатты күйіндім. Н.Аубакирова өз кабинетіне шақырып алып, жермен жексен етіп айқайлады, өте қатты ауыр сөздер айтты. Құлағым шыңылдап, басым айналып, қан қысымым көтеріліп, құладым. Толғағым ұстап, медбикенің кабинетінде жағдайым нашарлады. Мұғалімдер тез көмек беріп, машинамен Үшқоңыр ауылдық ауруханасына апарды. Ол жерде жағдайымның нашар екенін біліп, жедел жәрдем көлігімен аудандық ауруханаға жеткізді. Қан қысымым қатты көтерілген, есімді еміс-еміс ғана білемін. Сол кезде маған көмек берудің орнына басшымыз коридорға шығып алып: «Әй, кім бар, мына Жанар туып қояйын деп жатыр, маған тез скоч әкеліңдер, скочтап тастайын!», - деген сөздер айтқан. Не деген жауыздық?! Өзі де әйел заты әрі ана бола тұра, мұндай хайуандыққа қалай жол береді? Мен ауруханаға жатқан соң, Н.Аубакирова тарапынан менің жағдайымды сұрау деген мүлде жоқ. Сонда адамзат ретіндегі қадір-қасиетіміздің мүлде жоғалғаны ма? Әлде адамгершілік қасиеттен арылып бара жатырмыз ба? Ауруханаға жатқан соң қан қысымым көпке дейін түспеді. Бір-екі күннен соң қан қысымым төмен түсіп кетіп әлек қылды. Содан соң мектептен әр мұғалімді жіберіп, кешірім сұрап, менің мазамды алды. Өзі кешірімге келген емес. Осындай тәкаппар жанды бірінші рет көріп отырмын. Әр мұғалім келген сайын менің жағдайым нашарлап, дәрігерлер менің сыртқа шығуыма тыйым салды. Осыдан соң олар менің жолдасымды нысанаға алды. Күнде кеште үйге барып, маза бермейді, тіпті қорқытуға дейін барған. Бұрынғы мектеп директоры болған Карабалина Яхит Ахмедиевнаны үйге, ауруханаға қайта-қайта жіберіп, мені қыспаққа алып жатыр. Жолдасым аудандық білім бөліміне осы оқиғаларды жазып, 20 қаңтар күні шағымданған, алайда олардан осы күнге дейін жауап жоқ. Үшқоңыр ауылының тұрғынымын деп өзін таныстырған Тимур атты жігіт менің жолдасыма телефон арқылы қоңырау шалып: «Шағымыңды қайтып ал, Аубакирова Нагима-менің туысым, тәтем, әйтпесе келешекте Үшқоңыр ауылында тұрғызбаймын!»,- деп қорқытқан. Міне, мұның бәрі маған соққы үстіне соққы боп жатыр. Құрсағымдағы баламның жайы не боп жатқаны белгісіз. Сіздей көреген, талай жақсы мен жайсаңның алдынан өткен халық азаматы осындай сұрақтарыма жауап тауып береді деген үкілі үмітпен көз жасымды төгіп-төгіп жазып отырмын. Аяғымның ауыр екендігіне қарамастан, мектепке кірер ауыздағы есікке аптасына бір күн кезекшілікке отыруға мәжбүр етіп қойды. Басқа аяғы ауыр мұғалімдерді мұндай қоғамдық жұмыстан босатты да, мені босатпай қойды. Не кінәмнің бар екенін біле алмадым. Міне, осындай адамгершілігі өте төмен деңгейдегі жан басшы болуға лайықты ма? Сізден мектеп басшысын орнынан алып, басқа білікті, адами қасиеттерді ұлықтай білетін басшы тағайындап беруіңізді өтінемін. Бұл арызыма жауапты Заң бойынша Сізден 3-5 күн ішінде күтемін. Жауап болмаған жағдайда телеарналардың, облыстық, республикалық Заң органдарының көмегіне жүгінетінімді, әрі қарай шағымданатынымды ескертемін. 30 қаңтар, 2017 жыл Арыз иесі: Алмагамбетова Жанар Жексенбаевна...
Подробнее Просмотры: 296 Категория: Образование и наука Дата: 29.01.2017

Мингшамуратова Асима Бишановна

Сəлеметсізбе əкім мырза!сұрайын дегенім өткен жылы қаңтар айында баламды "брусничка" бала бақшасына 180 кезекпен қойған едім биыл қарасам 172 кезекті корсетіп тұр.Сонда бұл кезек қашан келеді балам 2 жарым жаска келді..бұл мəселені кім шешеді қайда барсам болады?...
Подробнее Просмотры: 314 Категория: Образование и наука Дата: 28.01.2017

нурумбетова гулжахан юлдашевна

Хурметти аким мен жалгыз басты анамын бир кызым бар 1 сынып окушысы. Патер жалдап турамын уштерте.каракалпакыстаннан анамды уйге акелип койыппын кызымды мектепке апарып акелиуи ушын. Анам балага карап отирганы ушын 5000 тг налог толимин окиметке.патерге ай сайын 15000тг .ток комир тагы бар. Айтынызшы маган мектептен китапта жетпий калган оныда сатип алыуым керекпе еш кандай комек жокпа...
Подробнее Просмотры: 342 Категория: Образование и наука Дата: 17.01.2017

Акимжанова Лязат

Добрый день! на 19 км есть "Олимпийская деревня", это так назвали местные риелторы, у которых мы купили когда то земельный участок. Скажите пожалуйста, что в будущем там планируется? В 2012 году активно шла стройка и днем, и ночью. В настоящее время исправно там охраняется работниками Кузет. Будет ли там построена школа, врачебная амбулатория? Мы слышали, что там будет спортивная школа. Информации нигде нет, поэтому пишем сюда. И интересно знать, не ожидается ли снос? Спасибо!...
Подробнее Просмотры: 414 Категория: Образование и наука Дата: 16.01.2017

Айткажина Гульмира Айткажиевна

Уважаемый аким! Я являюсь учителем. Учителя после пяти лет работы в школе проходят аттестацию по присвоению или подтверждению своей педагогоической квалификации. Для этого в течение этих лет они собирают портфолио по своим достижениям. Вопрос: Почему при прохождении аттестации грамоты, полученные от районнной администрации, в том числе от вас, не учитываются ?...
Подробнее Просмотры: 402 Категория: Образование и наука Дата: 16.01.2017

Халидуллин Олег Ханышевич

Разработано устройство для генерирования электроэнергии на реках мощностью 2-3 кВт на основе гирляндной микроГЭС. Есть ли в вашем районе необходимость в таких изделиях?...
Подробнее Просмотры: 434 Категория: Образование и наука Дата: 08.01.2017