A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Калиаскарова Гульшат Серикбаевна

Дата: 26.03.2020
Просмотры: 21 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсіз бе! Карантинге байланысты балалар онлайн сабақ өтуге көшкенін білесіз. Ал кейбір ауылдарда интернет жоқ.Телефонмен онлайн сабақ оқу мүмкін емес. Біздің ауылдың тұрғындары бұрын 2 рет арыз жазып қол жинап Қазақтелекомға апарғанда қаражат жоқ деп жауап берген еді. Ал қазір интернетке қалай кіреміз? Сабақ өтуге арналған порталдарға тіркелу қиын болып тұр. Төтенше жағдай кезінде интернет желісін орнатып беруге немесе басқа да мүмкіндіктер бойынша көмек беруіңізді сұраймыз ALTEL, Tele2 жүйесі өте нашар тартады. Жауабыңызды күтеміз. Батан ауылының тұрғындары атынан жаздым

Ответ: Саламатсызба, Келіп түскен шағымдарға байланысты «Алматытелеком» Өңірлік телекоммуникация дирекциясының басшысы Ч.Б.Аульбековке хат жолданды. Ч.Б.Аульбековтен алынған ақпаратқа сәйкес, 2020 жылы Қарасай ауданы, Батан ауылында телекоммуникация желілерін салу жұмыстары «Алматытелеком» Өңірлік телекоммуникация дирекциясының даму бағдарламасында қарастырылмағаны анықталды. Сонымен қатар «Алматытелеком» ӨДТ-дан техникалық шарттарды ала отырып, арнайы жабдықтаушылармен келісімшартқа отыру арқылы арыз берушілер желіні орнату жұмыстарын өз есебінен жасай алады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 14 бабы 6 тармағына сәйкес лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не өтiнiш бойынша қабылданған шешiміне шағым жасауға құқығыңыз бар.