A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Жанғазы Темірлан Маратұлы

Дата: 14.03.2020
Просмотры: 37 Печать страницы
Вопрос: Саламатсыз ба, мен және менің отбасы мүшелерім соңғы жаңалықтарға байланысты (коронавирустың таралуы) жұмыс және оқу орындарына бармай, желіде, онлайн тұрғыда оқу және оқытуға мәжбүр болып жатыр. Ақанқызы Дария Арыстан - КазНПУ ЖОО-ның оқушысы. Максотовна Жадыра Арыстанова - РЭЦК оқу орнының мұғалімі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығы бойынша барлығымыз жұмыс және оқуды жалғастыру үшін интернет желісін қолдануымыз қажет, алайда тұрып жатқан мекен-жайымыз: Абай ауылы, Құрамыс 96 көшесінде интернет жүйесін қостыруға ешқандай техникалық құрылғы орнатылмаған. (Отсутствует техническая возможность подключения ADSL кабелей - Казахтелеком). Біз жақта 3G, LTE, 4G ұстамайды. Өтінеміз, көшемізге керекті кабель, столбтарды орнатуды сұраймыз. Жұмыссыз, оқусыз қалғалы отырмыз.

Ответ: Сәлеметсіз бе, Қазіргі таңда Абай кенті, Құрамыс көшесі 96 үйде көрсетілген мекенжай бойынша қызметті қосуға техникалық мүмкіндік жоқ, себебі абонентке техникалық шарттарды орындау қажет, сізге Интернетке сымсыз қосылу бойынша заманауи технология ұсынылды.
"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 6-тармағына сәйкес өтініш берген жеке немесе заңды тұлғаның: лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) не өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасауға құқығы бар.