A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Бектлеу Айгуль Минжасарқызы

Дата: 24.02.2020
Просмотры: 52 Печать страницы
Вопрос: Сәлеметсізбе! Мен мектепте жұмыс жасаймын, ЦОН-ға барып үйге очередь тұрдым. Енді ол үйді қашан аламын? Және қанша уақыт күтуім керек?

Ответ: Сәлеметсізбе. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы ««7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы»№107 қаулысымен жаңа Бағдарлама бекітілді. Осы бағдарламамен баспана алуыңызға болады.
Бағдарлама «7-20-25»
Нысаналы мақсаты Бастапқы тұрғын үй сатып алу
Сыйақының жылдық номиналдық мөлшерлемесі 7%
Бастапқы жарна Кепілмен қамтамасыз ету құнының 20%-ы
Ипотекалық тұрғын үй қарызының мерзімі 25 жылға дейін
Ипотекалықтұрғынүйқарызының валютасы Теңге
Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен олардың қала маңы аймақтары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шекаралар шегіндегі Ақтау, Атырау, Шымкент үшін 25 млн теңге,
басқа өңірлер үшін – 15 млн теңге
Қарыздың ең көп сомасы Белгіленбейді
Кепілмен қамтамасыз ету Сатып алынатын жылжымайтын тұрғын үй
Кепілмен қамтамасыз ету құны Мыналардың:
1) тәуелсіз бағалаушы айқындаған құнның;
2 банк айқындаған құнның;
3) тұрғын үйді сатып алу жөніндегі мәміле бағасының ең аз мөлшері бойынша айқындалады.
Қарыз бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссиялар Ұсталмайды
Кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыру Міндетті болып табылмайды. Қажет болған кезде банк кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыруды өз есебінен жүзеге асырады.
Жалғыз тұрғын үй өлшемшарттары Белгіленбейді
Төмендегі банктердедепозиттік шоташуыңызға болады:
- Банк Центр Кредит;
- АТФБанк;
- Цеснабанк;
- Forte Bank;
- СберБанк;
- Қазақстан Халық банкі.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 14-бабы, 6-тармағына сәйкес, лауазымды тұлғалардың өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғыра тұрған органдарға шағым жасауға құқығыңыз бар.