A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Назиркулова Нуржамал Толеповна

Дата: 22.01.2020
Просмотры: 68 Печать страницы
Вопрос: Саламатсызба, Жандарбек Ермекович? Мен Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округыне қарасты Қаратобе ауыл тұрғынымын, жасым 55 те.Осы ауылда 5 жылдан бері тұрамын. Ауылда 30 жылдан бері яғни совет заманынан бар ауыл.Газ,су,жол, медпункт сұрап браз жерге бардық,шуладық, бірақ баягы жартас сол жартас. Сізге сұрақғым осы аылдың тұрмыс жағдайы туралы хабарыңыз барма,болса егер осы уақытқа дейін неге ауыл ауыз сусыз, газсыз,жолсыз, медпункітсіз омір сүрудеміз. Ал егер енді естіген болсаңыз отініш осы мәселені қолға алсаңыз екен. осы жылы 2020-да газ екінші тоқсанда,яғни сәуір- мамыр айларында, су, жол, маселесі шешіледі деген Елтай округының әкімінің уәдесіне сеніммен қарауымызға болама сіз қолдау көрсетесізбе? Осы мәселені шешіп берсеңіздер екен. Халықтың жан айқайын сізге жеткіздім деп есептеймін, Қартобе халқын осы ХХІ ғасырда осындай мүшкіл жағдайда қалдырмассыз, бізгеде бір қараңыз дегім келеді. Алдын ала рахмет, зейін қойып тыңдағаныңызға. Жауап күтемін.Рахмет!!!

Ответ: Сәлеметсіз бе Қаратөбе ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су ұңғымасының жер телімі қарастырылған. Қазіргі таңда, су ұңғымасының жобасы әзірленуде.
«АлматыГазСервисХолдинг» ЖШС-нің ақпараты бойынша Қаратөбе ауылына көгілдір отынының құбырларын жүргізу жұмыстары 2020 жылдың 2 тоқсанында орындалады
Қаратөбе ауылы көшелерінің жолын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабы, 1 тармағына сәйкес, жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жобалау сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда, аталмыш жолдарғаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайын жобалау сметалық құжаттамасы жоқ, ЖСҚ дайындауға бюджеттен қаражат бөлінуіне тапсырыс жолданған. Жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінген жағдайда, Сіздің жазған өтінішіңіз ескерілетін болады.
Қаратөбе ауылына медициналық пункті салу үшін жер телімі қарастырылған және мемлекеттік актісі алынған. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаражат түсуі күтілуде.